ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БЕЛГІЛІ БРИТАНДЫҚ ҒАЛЫМҒА BUKETOV UNIVERSITY ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Ғылыми кеңесінің 2024 жылғы 28 маусымдағы шешімімен британдық және қазақстандық химик-ғалым, Рединг университетінің (Ұлыбритания) профессоры Виталий Викторович Хуторянскийге (ағылш. Vitaliy Khutoryanskiy) «Құрметті профессор» атағы берілді.

    В.В. Хуторянскийдің ғылыми зерттеулері полимерлер, наноматериалдар, дәрі-дәрмектердің ағзаға жеткізілуі бағытында жүргізіліп, фармацевтикалық ғылымдарға арналған. В.В. Хуторянскийдің 200-ден астам түпнұсқа ғылыми мақаласы, шолулар мен кітап тараулары жарық көрді. Оның жарияланымдарына 11000-нан астам сілтеме жасалған, ал Хирш индексі 52-ге тең. В.В. Хуторянский бірнеше беделді марапаттарға ие болды, олардың ішінде: МакБен медалі, Корольдік химия қоғамы мен Ұлыбританияның химия өнеркәсібі қоғамының бірлескен сыйлығы, Ұлыбританияның Корольдік химия қоғамының (FRSC) стипендиясы, Ұлыбританияның жылдың үздік ғылыми жетекшісі (FindAUniversity) сыйлығы, инновациялық ғылым сыйлығы (Ұлыбританияның фармацевтикалық ғылымдар академиясы), Корольдік химия қоғамының өнеркәсіптік стипендиясы (Royal Society Industry Fellow) және басқалары.

    Профессор В.В. Хуторянский Қарағанды университетінің докторанттарына полимерлер химиясы және беделді журналдарда ғылыми мақалалар жариялау бойынша дәрістер топтамасын оқып, олар үшін жеке және топтық консультациялар өткізді. Оның жетекшілігімен ондаған қазақстандық докторант қорғалып шықса, басқа бөлігі диссертациясын қорғауға дайындалуда. Ол отандық ғалымдармен бірлесе отырып, бірқатар ғылыми жобаларға қатысты. В.В. Хуторянский отандық химия мектебінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғалым.