ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ШАХМАТ ТУРНИРІ – АҚЫЛ-ОЙ АЛАМАНЫ

Қарағанды Бөкетов университетінде зияткерлік және стратегиялық спорт түрлеріне арналған спартакиаданың бірінші күні аясында шахмат турнирі басталды. Қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлаудың, стратегиялық жоспарлаудың, төзімділік пен спорттық шеберліктің шынайы сынағы болып табылатын шахмат студенттердің басты назарында болды.

Шахмат сайысының бірінші кезеңінде әртүрлі факультеттерден келген қыздар өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар жоғары деңгейде ойын көрсетіп қана қоймай, стратегиялық ойлау қабілетімен де бөлісті.

Кейбір ойындар тез аяқталса, басқалары тартысты күресте жалғасты, бұл қатысушылардың әрқайсысының қайсарлығы мен дарындылығының дәлелі.

Қыздар арасындағы турнирдің нәтижелері:

Химия факультеті – 1-орын

Биология-география факультеті – 2-орын

тілдер факультеті – 3-орын

Физика-техникалық факультеті – 4-орын

Философия және психология факультеті – 5-орын

Қыздар арасындағы тартысты шахмат жекпе-жегінен кейін кезек жігіттерге де жетті. Олардың ойындары тек стратегиялық ойлауымен ғана емес, сонымен қатар турнирге қызығушылықты арттыратын серпінмен ерекшеленді.

«Негізінде ойын жақсы басталды. Бірден қарсыласыма мат қойдым. Алаңдай бастағаным рас, алайда ол сезімді де тез жеңе білдім»,– деді ФН-24-1к тобының студенті Ерболат Әлихан.

«Командада үш ойыншы болдық. Бүгінгі ойын өте қиын болса да, қызықты өтті», – деп бөлісті ФКИС-24-5к тобының студенті Оразғали Нұрбек.

Ерлер арасындағы турнирдің қорытындысы:

Химия факультеті – 1-орын

Физика-техникалық факультеті – 2-орын

Шет тілдер факультеті – 3-орын

шынықтыру және спорт факультеті – 4-орын

Экономика факультеті – 5-орын

Математика факультеті – 6-орын

Филология факультеті – 7-орын

Биология-география факультеті – 8-орын