ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Академиялық ұтқырлық


Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультетінде Шығыс Неаполь университетінің (Università di Napoli L'Orientale) профессорі, Орталық Азияны зерттеу кафедрасының доценті Томмасо Тревисанидің (Tomasso Trevisani) «Қазіргі Орталық Азияндағы қоғам және мідениет» атты қонақтық дәрістер курсы өткізіледі. Дәрістер 2023 жылдың 01 қазаны мен 31 қазаны аралығында офлайн форматта 72 сағат бойы жүргізіледі.

Қонақ дәрістер курсы философия және психология факультетінің студенттері мен оқытушыларына заманауи философиялық идеялар туралы түсініктерін кеңейтуге және қазіргі Орталық Азияның әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени процестерін сыни тұрғыдан түсінуге көмектеседі. Курста дәрістерден басқа семинарлар, топтық және жеке консультациялар, эссе жазу, ғылыми жобалар мен мақала жоспарлары бойынша кеңестер қарастырылған. Дәрістермен бірге, курска мақала жоспарлары бойынша семинарлар, топтық және жеке консультациялар, ғылыми жобалар мен басылымдар бойынша консультациялар кіреді.

Барлық сұрақтар бойынша философия және психология факультетінің деканатына хабарласыңыз.