кафедра меңгерушісі
Кандидат педагогических наук, ассоциированный профессор
Карбышев көшесі, 7, № 11 ғимарат
Facebook, Instagram
Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасы мектепке дейінгі білім беру және психологиялық-педагогикалық бағыттағы мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады.
Кафедра студенттері келесі траекториялар бойынша оқуға мүмкіндік алады: «Педагогика және психология» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу». Оқыту бағдарламасына «Мектепке дейінгі педагогика», «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуін дамыту әдістемесі», «Бала психологиясы», «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы», «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», «Коучинг негіздері», «Сын тұрғысынан ойлау», «Девиантология негіздері», «Практикалық психология» секілді пәндер кіреді. Студенттер мектепке дейінгі білім беру, педагогика және психология саласында арнайы білім алады.
Кафедра түлектері білім беру ұйымдарында, балалар үйінде, арнайы түзету ұйымдарында, санаторий және спорт мектептерінде психолог; мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші, әдіскер, меңгеруші; жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде мектепалды даярлық пәнінің мұғалімі; педагогикалық колледждерде психологиялық-педагогикалық пәндер оқытушысы; білім бөлімдерінде әдіскер, жетекші маман болып жұмыс істей алады.
Студенттер алғашқы күннен бастап университеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді түрде қатысады: пәндік олимпиадаларға қатысып (жыл сайын жүлделі орындарға ие болады), ғылыми конференциялар мен форумдарда баяндама жасайды, шығармашылық конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары болашақ педагогтардың кәсіби дайындығын жетілдірумен, жоо студенттеріне азаматтық тәрбие беру негіздерін қалыптастырумен, жоғары мектеп жағдайында нағыз ұлт өкілін тәрбиелеумен, мектепке дейінгі ұйымдарда этномәдени сәйкестілікті қалыптастырумен байланысты.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедра 1999 жылы жалпы психология және мектепке дейінгі педагогика кафедраларының бірігуі арқылы құрылды. Әр жылдары кафедраны басқаруды доцент Р.Ш. Сабирова, Ж.А. Карманова, О.А. Михалькова, Г.К. Бельгибаева, Н.В. Мирза жүзеге асырды. Қазіргі уақытта кафедраны п.ғ.к., профессор ассистенті С.Б. Мукушева басқарады.
Қоғамның педагогика және психология мамандарына деген қажеттілігін ескере отырып, 2000 жылдан бастап «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау жүргізіледі. 2004 жылдан бастап «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша магистранттарды даярлау жүзеге асырылып келеді.
2022 жылдың тамыз айынан бастап факультет деканы педагогика ғылымдарының докторы, профессор С. А. Муликова болып табылады.
Оқытушылар:
Кафедрада барлығы 18 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 3 педагогика ғылымдарының докторы, 6 ғылым кандидаты. Жеті оқытушы «Жоо-ның үздік оқытушысы» атағына ие. Профессорлар Л.А. Шкутина және Н.В. Мирза Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшелері (академиктері) болып табылады.
Білім алушылар:
Кафедра бағдарламаларына деген сұраныс соңғы 5 жыл ішінде студенттер контингентінің жыл сайынғы өсуін көрсетеді. Студенттер «Педагогика және психология» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» бағыттары бойынша білім алу үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінен және Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей секілді шет елдерден келеді.
Жұмысқа орналастыру:
2020 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші «5В010300 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша 75%-ды, «5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша 82%-ды құрайды.
Диссертациялық кеңестер:
Докторлық диссертацияларды қорғау үшін «Педагогика және психология» бағыты бойынша диссертациялық кеңес ашылды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық бағдарламалары БСҚТА ұлттық аккредитациядан өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: БСҚТА рейтингісінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы (магистратура) – 1 орын, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (магистратура) – 3 орын; «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) – 5 орын, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) – 4 орын.
Жобалар:
Кафедра оқытушылары TEMPUS халықаралық жобасын жүзеге асыруға және TEMPUS V «Орталық Азиядағы жоғары білім кеңістігіне жол: құрылымдарды бейімдеу және сапа мәдениетін дамыту» халықаралық білім беру жобасын әзірлеуге қатысады. Кафедраның Ресей білім беру Академиясымен ынтымақтастығы әріптестердің мүшелігінде көрінеді: Н.В. Мирза – РЖА толық академигі, Халықаралық жаратылыстану академиясының мүшесі; Ж.А. Карманова – РЖА корреспондент-мүшесі; Г.К. Белгибаева, Р.Б. Маженова, Р.М. Айтжанова – РЖА профессорлары.
Серіктестер:
Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасы келесі білім беру ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді шарттар жасасты: Interkulturelle Weiterbildungsgesellschafte. V. (Германия, Дюссельдорф қ.), Карлов университеті (Чехия, Прага қ.), Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университеті (Ресей, Мәскеу қ.), Әлеуметтік басқару академиясы (Ресей, Мәскеу қ.), Вятка мемлекеттік гуманитарлық университеті (Ресей, Киров қ.) Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы), Трнавадағы Әулие Кирилл және Мефодий университеті (Словакия Республикасы).
Білім беру бағдарламалары
6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу: бакалавриат. Бағдарлама мектепке дейінгі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымды басқару дағдылары қалыптасқан, бәсекеге қабілетті педагогтарды дайындаумен байланысты. Оқу барысында студенттер ерте, мектепке дейінгі және мектепалды жастағы балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту туралы білім алады. Түлектер бакалавр дәрежесін алады және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші, әдіскер, меңгеруші; жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде мектепалды даярлық мұғалімдері; педагогикалық колледждердегі психологиялық-педагогикалық пәндердің оқытушылары; білім беру бөлімдеріндегі әдіскерлер, жетекші мамандар; педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман болып жұмыс істей алады.
7М01200201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу: магистратура. Бағдарлама нағыз кәсіпқой болуға, қазіргі заманғы міндеттерді шешуге, бәсекелестік ортада, педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде алған білімдері мен дағдыларын басшылыққа алуға, қазіргі ғылыми-практикалық деңгейде педагогикалық қызмет саласындағы әлеуметтік маңызы бар міндеттерді жоғары кәсібилікпен шешуге; білім беру жүйесінің жалпыұлттық басымдығын дамыту үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және барлық типтегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында; білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарда әртүрлі деңгейдегі маман болып жұмыс істей алады.
6B01101-Педагогика және психология: бакалавриат. Бағдарлама білім беру және менеджмент саласында кәсіби құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті педагог-психологты даярлаумен байланысты. Оқу барысында студенттер педагогикалық ортадағы әртүрлі психологиялық проблемалар бойынша диагностикалық және түзету жұмыстарын жүргізеді, оқушыларға, олардың ата-аналарына және мұғалімдеріне кеңес береді. Психологиялық білім беруді жүргізеді және білім беру субъектілерінің психологиялық-педагогикалық процесінің тиімділігін арттыру үшін психологиялық қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Түлектер бакалавр дәрежесін алады және білім беру ұйымдарында, балалар үйінде, арнайы түзету ұйымдарында, санаторий және спорт мектептерінде психолог ретінде; практикалық психологтар; педагогикалық колледждерде, лицейлер мен гимназияларда психологиялық-педагогикалық пәндердің оқытушылары; әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде әдіскер ретінде жұмыс істей алады.
7M01100101-Педагогика және психология: магистратура. Бағдарлама нағыз кәсіпқой болуға, заманауи міндеттерді шешуге, қазіргі бәсекелестік ортада, білім беру жүйесінде сұранысқа ие басқарушылық және ғылыми-зерттеу қызметінде алған білім мен дағдыларды басшылыққа алуға мүмкіндік береді. Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және жалпы орта білім беретін мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда, интернаттарда, гимназияларда, лицейлерде, мектептен тыс білім беру мекемелерінде, педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарында психолог, педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытушы; педагогикалық ғылыми мекемелердің қызметкері болып жұмыс істей алады.
8D01101-Педагогика және психология: докторантура. Бағдарлама білім алушының теориялық, практикалық және жеке дайындығын жетілдіреді; педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын және теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіби қызметке дайындықты қалыптастырады; педагогика мен психология саласында кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгереді; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру дағдыларын; жаңа және күрделі идеяларды сыни талдауды, бағалауды және қорыту дағдыларын игереді. Болашақ докторанттар ғылыми еңбек ұйымдастыруды, зерттеу бағытындағы жүйелі білімді зерделейді, ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру білігін; зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау білігін; ұлттық және халықаралық деңгейде жарияланымға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосу білігін қалыптастырады. Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында, біліктілікті арттыру институттарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында, білім департаменттерінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдер профильдері
Мукушева С.Б.