кафедра меңгерушісі
PhD докторы
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 35-64-30
E-mail: CompSc@buketov.edu.kz
Университет көшесі, 28а, 2 ғимарат
Facebook, Instagram
Қолданбалы математика және информатика кафедрасы бизнеске, ІТ-компанияларға, ғылым мен білімге сандық технологиялар мен робототехника саласындағы мамандарды дайындайды. Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша бағдарламаларды ұсынады. Кафедра студенттерінің екі бағыт бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және педагогикалық ғылымдар. Бірінші бағыт бойынша кафедра әртүрлі тілдер мен орталарда алгоритмдеу мен бағдарламалауды; мәліметтер базасы мен BigData-пен жұмыс істеуді; компьютерлік графика мен модельдеу технологияларын, веб-технологиялар, робототехника, виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын, киберқауіпсіздікті оқуды ұсынады. Екінші бағыт аясында кафедрада педагогика, мектеп информатикасы және білім беру робототехникасы оқытылады.
Магистратура мен докторантура бағдарламаларына ғылыми-зерттеу модулі кіреді. Кафедраның түлектері ІТ-компанияларда, білім беру мектептерінде және колледждерде жұмыс істей алады, егер магистратура және доктор дәрежелері болса, олар университетте оқытушы бола алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары объектілер мен процестерді математикалық модельдеу, деректерді интеллектуалды талдау, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелін бағалау, сондай-ақ ақпараттық мамандардың кәсіби дайындығы саласындағы зерттеулермен байланысты.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Қолданбалы математика және информатика кафедрасының тарихы 1975 жылы университетте «Есептеу математикасы» атты кафедраның құрылған кезінен басталады. Кафедраны құрудың бастамашысы және бірінші жетекшісі ф.-м.ғ.к., профессор Алмуханбетов Науханбай Алмуханбетұлы болды. Ол кафедраның алғашқы оқытушылары М.М. Бабалиевпен, Ж.Ж. Жаңабековпен, Х.М. Сағындықовпен, М.М. Сюртебаевпен, З.Н.Біржановамен, А.Б. Дюсембинамен, С. Балқыбаевамен бірлесе жұмыс жасай отырып, қолданбалы математика саласында мамандарды тиімді даярлауды қамтамасыз ете алды. Кафедраның алғашқы стажер-зерттеушілері болашақ академик Смағұлов Шалтай Смағұлұлы және профессор Мұздақбаев Мұхамедьяр Мұздақбайұлы болды.
Біртіндеп кафедрада сол уақыт үшін жаңа болып табылатын «Қолданбалы математика» және «Информатика» мамандықтары ашылды (80-ші жылдардың ортасы). Кейінгі жылдары «Ақпараттық жүйелер» (2004 ж.), «Математикалық және компьютерлік модельдеу» (2011 ж.), 2019 ж. «Информатика, АКТ және робототехника», «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» және «Информатика»: магистратура, «Цифрлық педагогика»: докторантура (2020 ж.) білім беру бағдарламалары ашылды.
Білім алушылар:
Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары талапкерлер арасында сұранысқа ие. Үш жыл ішінде қабылданған студенттердің өсуі байқалады: 2018 жылы - 136 студент, 2019 жылы - 160 студент, 2020 жылы - 193 студент, магистранттар: 2018 жылы - 9; 2019 жылы – 25, 2020 жылы – 35 магистрант.
Кафедрада Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзірбайжан сияқты елдерден келген шетелдік студенттер, сондай-ақ Қазақстанның көптеген аймақтарынан: Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарынан келген студенттер білім алуда.
Оқытушылар:
Кафедра құрамына 23 оқытушы кіреді, олардың ішінде ғылым кандидаттары, PhD докторлары, ақпараттық білім беру жүйелері, информатика, математика магистрлері бар. Кафедра қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасы жоо-ның үздік оқытушысы» атағының 3 иегері; Халықаралық ақпараттандыру академиясының 2 мүшесі; өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін А. Нобель медалінің 2 иегері (Ресей, РАЕ), ғылым мен білім саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Признание» І-Халықаралық конкурсының «Жыл ғалымы-2016» номинациясының жеңімпазы бар.
Бірлескен білім беру бағдарламасы:
2019 жылдан бастап 7M06109402-Ақпараттық жүйелер және технологиялар бағдарламасы аясында магистранттарды даярлау бойынша «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университетімен (Ресей, Мәскеу) бірлескен бағдарлама жүзеге асырылуда.
Кафедраға PhD докторы Selezneva Ruslana (Wyższa Szkoła Humanitas, Польша) BigData, Cloud computing курстарын жүргізу үшін шақырылды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің ұлттық аккредиттеуінен өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орынға ие: «Атамекен» бойынша 2020 жылы 6В06103 - Ақпараттық жүйелер бағдарламасы 55 университет арасында 5 орында, 6В01505-Информатика - 25 жоғарғы оқу орындары арасында 3 орында. БСҚБТА-нің 2020 жылғы рейтингінде: 6В01505 - Информатика - 2 орынды, 6В06103 - Ақпараттық жүйелер - 4 орынды, 7M015 - Информатика - 2 орынды, 7M061 - Информатика - 3 орынды, 7M061 - Ақпараттық жүйелер - 8 орынды иеленген
Жұмыспен қамту:
Кафедра түлектері жұмыс берушілер арасында жақсы беделге ие. Соңғы үш жылда жұмыспен қамту деңгейі 88% -94%-ды құрады.
Зертханалар:
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Cisco жабдықтарының базасында практикалық жұмыстарды өткізуге арналған компьютерлік жергілікті желілер
Робототехника
Компьютерлік графика және модельдеу
Жобалар:
2017-2022:Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық желілік институты Ресей Федерациясының Қаржы мониторингі жөніндегі Федералдық қызметімен, Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігімен және Ресей Федерациясының ғылыми ұйымдарының федералдық агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылуда
2018-2022: Магдебург неміс университетімен бірге GeKaVoc халықаралық ғылыми жобасы (Германия, Отто фон Герике университеті).
2020-2023: «Inplementing Dual System in Kazakhstan/Kazdual» Erasmus+ халықаралық жобасы (6 18835-EPP-1-2020-10-0KZ-EPPKA2-CBHE-SP).
Серіктестер:
Кафедра «НИЯУ МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университетімен (Ресей, Мәскеу қ.), Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университетімен (Ресей, Екатеринбург), International Training Centre (Дюссельдорф, Германия), Томск мемлекеттік университетімен (Ресей, Томск), Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университетімен (Ресей, Калининград), Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетімен (Ресей, Томск) ынтымақтастық орнатқан.
Кафедра қаланың ІТ-компанияларымен өзара әрекеттесуді үнемі кеңейтіп отырады. Қазіргі уақытта кафедра ірі компаниялар-бағдарламалық жасақтама жасаушылармен, мысалы, «EPAM Kazakhstan» ЖШС, «Gexabyte» ЖШС, «WTO» ақпараттық технологиялар орталығы, «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС, «PrintShop» жарнамалық-өндірістік фирмасымен, Нұр-Сұлтан қаласының «iQ-SOLUTIONS» ЖШС, қаланың мектептерімен және т.б. ұйымдармен ынтымақтастық туралы 10-нан астам келісімді жүзеге асыруда. Кафедра компаниялардың өкілдерін студенттермен кездесуге, семинарлар мен мастер-кластарды өткізуге шақырады.
«Epam Kazakhstan» ЖШС, №66 мектеп-лицей КММ және №16 орта мектеп, «Ақпараттық технологиялар» мектеп-интернаты базасында бітіруші бөлімнің 4 филиалы бар. Кәсіби тәжірибеден өту үшін қала мен облыстың IT компанияларымен және кәсіпорындарымен 18 келісімшарт және қаладағы мектептермен 40-тан астам келісімшарт жасалған.
Білім беру бағдарламалары
6В01505 – Информатика: бакалавриат. Бағдарлама педагогика, психология, білім беру және ақпараттық технологиялар негіздерін оқумен байланысты. Оқу процесінде студенттер білім беру бағдарламасына сәйкес мектеп информатикасын оқыту процесін жүзеге асыруды, информатиканы оқытудың инновациялық тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдалануды; оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарын қолдануды; оқушылардың өзіндік жұмысын және сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін меңгеруді үйренеді. Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі бар. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей алады.
6В06103 - Ақпараттық жүйелер: бакалавриат. Бағдарлама жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін, ақпараттық жүйелердің деректер қорын құру технологияларын, IT-саланың негізгі бағыттарының технологияларын, робототехника мен ақпараттық қауіпсіздікті оқытумен байланысты. Оқу барысында студент ақпараттық жүйелерді әзірлеу және басқару, компьютерлік желілерді жобалау, әртүрлі бағыттағы бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және енгізу дағдыларына ие болады. Студенттер пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқи алады. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр дәрежесін алады және бағдарламашы, деректер қоры мен ақпараттық жүйелерді құрушы, контент менеджері, жүйе және желі әкімшісі, бағдарламалық жасақтаманы тестілеуші, бизнес-аналитик, бағдарламалық жасақтама маманы ретінде жұмыс істей алады.
6В06104 - Математикалық және компьютерлік модельдеу: бакалавриат. Бағдарлама математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу математикасы, математика және жүйелік бағдарламалау әдістерін, тиімдестіру және басқару алгоритмдері саласындағы әдістерін оқытуға, қолданбалы математика есептерін модельдеуге бағытталған. Оқу процесінде студент қолданбалы математика және информатика, ғылыми-технологиялық процестерді математикалық модельдеу, компьютерлік модельдеу әдістерін қолдануды, әртүрлі тілдерді қолдана отырып бағдарламалауды, роботтандырылған жүйелерді модельдеуді, үлкен деректерге талдау жүргізуді үйренеді. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр дәрежесін алады және математик-бағдарламашы, жүйелік аналитик, жүйе және желі әкімшісі, визуализатор, компьютерлік дизайнер ретінде жұмыс істей алады.
6B06105 - Программалық инженерия: бакалавриат. Оқу процесінде білім алушы білім алу, бизнес-аналитика, үлкен деректерді интеллектуалды талдау, блокчейн, бұлтты технологиялар, жасанды интеллект және программалық жүйелерді әзірлеуге арналған робототехника әдістері бойынша дағдыларға ие болады. Қауіпсіз клиент-сервер қосымшаларын, сонымен қоса ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, мобильді, мультимедиялық, Web-қосымшаларды, VR және AR қосымшаларын, деректер базасын әзірлеуге арналған алгоритмдер мен құралдарды меңгереді. Білім алушылар Сүлеймен Демирел атындағы университетте (Алматы облысы, Қаскелең қ.) 3 және 4 курста барлық пәндерді ағылшын тілінде оқу мүмкіндігіне ие болады. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр дәрежесін алады және программалық қамтаманы әзірлеуші және сәулетші, программалаушы, программалық қамтаманы тестілеуші, АТ жүйелері мен жобаларының менеджері және сәулетшісі, программалық жабдықтың сапасы бойынша менеджер ретінде жұмыс істей алады.
7М01503 – Информатика: магистратура. Бағдарлама ғылыми зерттеулер жүргізуге, білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, оқу процесін мониторингілеу мен басқаруды жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді даярлауға бағытталған. Оқу процесінде магистрант жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару технологияларын, инноватика технологияларын, цифрлық білім беру ресурстарын жобалау мен әзірлеуді оқиды, IT саласында педагогикалық технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістерін қолдана алады. Бітіруші түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, жоо-да сабақ бере алады, зерттеу қызметімен айналысады, орта сынып мұғалімі, колледж оқытушысы, білім саласындағы менеджер лауазымдарында жұмыс істей алады.
7М06104 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар: магистратура (профилдік, 1 жыл). Бағдарлама IT және цифрлық технологиялар салаларында іргелі және қолданбалы білімі бар, Қазақстан Республикасының цифрландыру жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін зерттеу дағдылары бар магистрлерді даярлауға бағытталған. Оқу үдерісінде магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, программалық инженерия технологияларын; ақпараттық жүйелер үшін математикалық, ақпараттық және программалық қамтаманы жобалау әдістерін, құралдары мен технологияларын; пайдаланушы сұраныстары мен домендік үлгілерді талдау негізінде программалық өнім компоненттері мен ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар мен спецификацияларды әзірлеу әдістерін игереді. Білім алушылардың барлық пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар. Түлектер «7M06104 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі дәрежесін алады және программалаушы, дизайнер, программалық қамтаманы әзірлеуші және тестілеуші, программалық жасақтаманың сәулетшісі, жүйелік талдаушы қызметтерін атқара алады.
7М06101 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар; магистратура. Бағдарлама ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті, IT және сандық технологиялар саласында іргелі және қолданбалы білімі, ҚР цифрландыру жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін зерттеу дағдылары бар магистрлерді даярлауға бағытталған. Оқу барысында магистрант зерттеу жүргізуді, бағдарламалық инженерия технологияларын, ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық және бағдарламалық жасақтаманы жобалау әдістерін, құралдары мен технологияларын, пайдаланушылардың сұраныстарын, пәндік модельдердің талдауы негізінде бағдарламалық өнім компоненттерінің және ақпараттық жүйелердің талаптары мен сипаттамаларын әзірлеу әдістерін үйренеді. Түлектер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие болады және университетте сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, бағдарламашы, дизайнер, программалық қамтамасыз ету инженері және тестілеуші, бағдарламалық жасақтама сәулетшісі, жүйелік талдаушы, орта сынып мұғалімі, колледж және университет оқытушысы болып жұмыс істей алады.
8D01103 - Сандық педагогика: докторантура. Бағдарлама сандық білім беру технологиялары мен сандық педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу процесінде докторант сандық педагогика, психология, АКТ және информатика жетістіктерін ескере отырып, білім беру үдерісінде әдістемелік қолдауды әзірлеу технологиялары мен қолдану әдістерін оқиды. Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алып, жоғары оқу орнында сабақ бере алады, зерттеу қызметімен айналысады, мемлекеттік басқару ұйымдарында, білім департаменттерінде, қосымша білім беру мекемелерінде, ғылыми қызметкер, жоба жетекшісі, бас маман, сарапшы, зерттеуші ретінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдердің профильдері
Спирина Е.А.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану бойынша студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстары мен шығармашылық жобаларының V халықаралық конкурсы 16-17 наурыз 2022 (Жүктеу)