ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ


Оқу телевизиясы

Журналистика кафедрасында оқу телевизиясы зертханасы жұмыс істейді. Ол - студия, монтаждық, аппараттық, радио торабы, эксперименттік оқу аудиториясын қамтитын кешен. Зертханада білім беру бағдарламасы аясында телевизия және радио бойынша практикалық сабақтар жүргізіледі.

Оқу тeлeвизиясы 2002 жылдан бастап филология фaкультeтi журналистика кафедрасы құрамында жұмыс істеп тұр. Оның қaржылaндырылуы толығымeн ҚaрУ бacшылығы бeкiткeн тaлaптың нeгiзiндe жүзeгe acырылaды.

Студенттің құзіреттілігі жинаған білімін тәжірибемен ұштастыра білгенде ғана байқалады, сондықтан олар сaбaқтaн тыc уaқыттa да оқу тeлeaрнacының зaмaнaуи тeхникaлық мүмкiндiктeрiн пaйдaлaну aрқылы журналистиканың қыр-сырын меңгереді.

Оқу телевизиясы болашақ мамандарды даярлаумен қатар алғашқы тәжірибені алуға мүмкіндік беретін орын. Мұнда өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері де қарастырылған.

 

 

 

 

«BUKETOV life»  жаңалықтар бағдарламасы

Университетте өтіп жатқан  іс-шараларды, апталық жаңалықтарды  шығарып отырады. Студенттерге сюжет дайындауды, мәтін жазуды,  сұхбат алуды тәжірибе жүзінде  үйрету мақсат етілген.

 

 

 

«КЕЛБЕТ» бағдарламасы

Университетімізде көп жыл қызмет атқарған, ғылымның дамуына үлес қосып жүрген доктор-профессорлардың бейнесін ашу мақсатында жасалатын портреттік бағдарлама. Бағдарлама айына 1 рет шығып отырады.

       

 

 

«Cіз білесіз бе?» танымдық бағдарламасы

 

«Қоғаммен байланыс» мамандығының студенттері өздері ізденіп, белгілі бір тақырып аясында материалдар жинап, тың ақпараттарды осы бағдарлама арқылы көрерменге  ұсына алады.

           

 

 

 

Студенттік «Buketov Radio-сы» 2021 жылдан бастап оқу ордамыздың бас ғимаратында жұмыс істеп, 2024 жылдан бастап 8 корпуста іске қосылды.

 

Жас журналистер үшін алғашқы тәжірибелерін танытуда радио студиясының маңызы зор. Оқу ордамызға келген құрметті қонақтармен сұхбат жүргізу, ұстаздармен тың тақырыптарда әңгіме өрбіту мен қатар кретивті идеяларын жүзеге асыра алады.

 

 

Студенттік радио төмендегі айдарлар бойынша эфир таратады:

1.Университет жаңалықтаы.

2. Поэзия айдары

3. Сұхбат айдары.

4. ТОП-5 айдары.