кафедра меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
профессор
Телефон: +7 7212 77-01-30
E-mail: sagynysh.mambetova@ksu.kz
Университет көшесі, 28
№1 ғимарат, 421 кабинет
Instagram
Менеджмент кафедрасы менеджмент және мемлекеттік және жергілікті басқару саласында мамандар даярлайды.
Кафедра бакалавриаттың 2 бағдарламасы, магистратураның 2 бағдарламасы және доктарантура бойынша оқытуды жүзеге асырады. Бағдарламалар ҚР кәсіби стандарттарына, нарықтың заманауи сұраныстарына сәйкес, сондай-ақ жетекші шетелдік университеттердің тәжірибесін ескере отырып әзірленді. Бағдарламалардың ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім алу, еліміздің ірі компанияларында тәжірибе мен тағылымдамадан өтудің кең мүмкіндігі.
«Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрлік білім бағдарламаларының бейіндік пәндерінің бір бөлігі ағылшын тілінде оқытылады. Кафедра ғылыми қызметпен белсенді айналысады, шаруашылық келісімшарт жобаларын жүзеге асырады, кафедра бейіні бойынша түрлі зерттеулер жүргізеді, атап айтқанда: қазіргі заманғы менеджменттің жаңа идеялары мен тұжырымдамалары; қемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын арттыру; Қазақстанда көлік логистикасын дамытуды басқару ерекшеліктері; өңірде шағын бизнесті дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктерін жетілдіру; ұйымдар мен халықаралық бизнестің жаһандық әлеуметтік жауапкершілігі сияқты бағыттар бойынша; минералдық-шикізат ресурстарының алуан түрлерін кешенді қайта өңдеу, қалдықтарды басқару мәселелері; қазіргі жағдайда көлеңкелі экономиканы қысқарту тетіктерін жетілдіру.
Студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруы және әлеуетін ашуы үшін тұрақты түрде ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. Студенттер өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін әртүрлі халықаралық және республикалық конференцияларда жариялайды, сондай-ақ әртүрлі ғылыми жобаларға қатысады.
Менеджмент кафедрасы жыл сайын «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағдарламалары бойынша қашықтықтан халықаралық олимпиада өткізеді, кафедра студенттері жыл сайын қашықтықтан әртүрлі халықаралық және республикалық ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысады.
Кафедра білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашатын тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды, сондай-ақ түрлі конкурстар, фестивальдар, көрмелерді тұрақты өткізіп тұрады.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
«Менеджмент» кафедрасы Қарағанды мемлекеттік университеті ашылған 1972 жылы құрылды.
Кафедраның алғашқы атауы – «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау». Кафедраның негізін қалаушы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Сағындықов Уржан Сағындықұлы болатын. Көптеген жылдар бойы кафедрада С.И. Городничев, Б.Б. Байдуллаев, С.С. Аменова, А.А. Аубакирова, Д.А. Сейдуалин, Ф.И. Бокижанова сияқты белгілі мамандар жұмыс істеді.
1994 жылдан бастап «Маркетинг» кафедрасын, ал 2002 жылдан 2019 жылға дейін «Менеджмент» кафедрасын Р.С. Каренов басқарды.
2002 жылы педагогикалық жүктеме көлемінің артуына байланысты кафедра «Маркетинг" және «Менеджмент» кафедралары болып бөлінді.
2019 жылдан бастап кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Мамбетова Сағыныш Шубайқызы басқарады.
Оқытушылар:
Қазіргі уақытта кафедрада ғылыми дәрежесі бар 18 штаттық оқытушы және ғылым магистрлері қызмет атқарады. Сонымен қатар, бизнес-қауымдастық өкілдері еңбек етеді, бұл оқытылатын пәндердің сапалы құрамына оң әсерін тигізеді. Оқытушылар Р.С.Каренов, Г.С.Акыбаева, Н.Б.Давлетбаева ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері, сонымен қатар Р.С.Каренов және С.К.Ержанова Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академиктері болып табылады.
Кафедра ғалымдарының бірі профессор Р.С. Каренов, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Халықаралық Ғылым және өндірісті ұйымдастыру практикасы академиясының академигі болып табылады. Оның жетекшілігімен 50-ден астам кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Университетіміздің ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты, сондай-ақ студенттерге тамаша білім берді.
Кафедра оқытушылары бірнеше шет тілдерін (ағылшын, неміс) игерген, бұл тиісті халықаралық сертификаттармен расталады.
Профессорлық-оқытушылар құрамының бейіндері Scopus, Clarivate Analytics (Publons), Google Scholar, ResarchGate, ORCID, LinkedIn және т.б. ғылымиметрикалық деректер базасында белсенді ұсынылған, бұл бірлескен ғылыми жарияланымдарды, гранттық жобаларды дайындау, түрлі халықаралық іс-шараларды өткізу бөлігінде шетелдік әріптестермен белсенді коллаборацияға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық және тағылымдама:
Кафедра оқытушылары үнемі өз біліктіліктерін арттырып отырады. Шетелдік іссапарларға, ғылыми тағылымдамаларға шығып тұрады, ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысады, Coursera сияқты халықаралық білім беру платформаларында оқиды (2019-2021 оқу жылдары 30-дан астам сертификатқа қол жеткізілді):
- 2012 жылдың наурыз-сәуір айларында э.ғ.к., доцент С.С.Ержанова ғылыми іссапар аясында Венгрияның Сексард қаласына Печ университетіне, Туризм институтына барды.
- 2013 жылдың наурыз айында э.ғ.к., доцент С.С.Ержанова ғылыми іссапар аясында Венгрияның Сексард қаласына Печ университетіне, Туризм институтына барды.
- 2014 жылы э.ғ.к., профессор Н.Б.Давлетбаева ғылыми іс-сапар аясында Тернополь Ұлттық экономикалық университетінде (Украина) болды.
- 2018 жылы э.ғ.к., профессор Н.Б.Давлетбаева ғылыми іс-сапар аясында Ресей халықтар достығы университетінде (Ресей) болды.
- 2018 жылы э.ғ.к., профессор Н.Б.Давлетбаева ғылыми іс-сапармен Прага Экономика жоғары мектебінде болып, біліктілігін арттырды.
Білім алушылар:
Бүгінгі таңда кафедра студенттерінің жалпы контингенті шамамен 224 адамды құрайды, оның 10%-ы мемлекеттік білім грантында оқыды. Соңғы үш жылда кафедра мамандықтары бойынша білім алушылардың орташа өсімі 25%-ды құрады, бұл аталған білім беру бағдарламаларының танымалдылығын көрсетеді. Кафедра студенттері жыл сайын Президенттік стипендия, Тұңғыш Президент Қоры стипендиясының иегерлері, пәндік халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары атанып жүр.
Кафедра студенттері оқу мен ғылыми қызметте ерекше табыстарға қол жеткізуде. Бірқатар студенттер мен магистранттар халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Сондай-ақ, студенттердің қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндіктері бар. Стратегиялық серіктестер: МИФИ ҰЗЯУ (Ресей), Коста Леванович Хетагуров атындағы Солтүстік Осетин мемлекеттік университеті, Витебск мемлекеттік технологиялық университеті (Беларусь Республикасы) және Прага экономикалық университеті (Чехия). Оқуды бітіргеннен кейін студенттер Еуропалық үлгідегі диплом алады.
Жұмысқа орналастыру:
Бакалавриат бағдарламалары бойынша қызметке орналасудың орташа пайызы шамамен 90%-ды, магистратура бағдарламалары бойынша 100%-ды құрайды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: 2020 жылы бакалавриаттың «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік басқару саласының бакалаврларын даярлауды жүзеге асыратын 27 қазақстандық жоғары оқу орнының арасында «Атамекен» рейтингінде 5-орын алды, сондай-ақ бакалавриаттың «Менеджмент және басқару» білім беру бағдарламаларының тобы АРТА рейтингінде 3-орын алды. БСҚТА ұлттық рейтингісі бойынша «Менеджмент» ББ (магистратура) 3-орын, ал «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ (магистратура) 4-орын алды.
Білім беру бағдарламалары
6B04101 «Менеджмент»: бакалавриат. Бағдарлама классикалық менеджмент пен өндірісті басқаруды зерттеумен байланысты. Инновациялық болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарында қос дипломды білім алу, еліміздің ірі компанияларында тәжірибеден немесе тағылымдамадан өтудің кең мүмкіндігі.
Оқу барысында студенттер Менеджмент, Тайм-менеджмент, Көшбасшылық психологиясы, Бренд-менеджмент, Персоналды басқару, Менеджмент теориясы мен практикасы, Кәсіпкерлік менеджмент, Менеджмент-консалтинг, Стратегиялық менеджмент, Басқарушылық шешімдерді әзірлеу, Креативті менеджмент, Инновациялық менеджмент, Әкімшілік менеджмент, Жобаларды басқару, Сапа менеджменті және басқа да көптеген өзекті пәндерді игереді.
Студент нарық пен оның құрылымына, ойын теориясына, басқару құралдары мен технологияларына, жобалық іс-әрекетке, сапаны бақылау құралдарына, есеп беру қызметіне және бизнес-жоспарларды әзірлеуге талдау жасауды үйренеді, ұйым қызметін жоспарлау мен басқаруда, ақпаратты жинау мен талдауда, жобаларды бағалау мен тиімді корпоративтік стратегияларды құрастыруда өз дағдыларын дамыта алады, сондай-ақ персоналмен жұмыс істеуді үйренеді: кадрлар еңбегін ынталандыру, орындаушылар қызметін ұйымдастыру және персоналды ынталандыру саясатын жүргізуді игереді.
Университет бітірген түлектер экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алады және экономиканың нақты секторында, қаржы-банк жүйесінде, бизнес пен кәсіпкерлікте менеджер болып қызмет атқара алады, өндіріс пен басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлауда, сондай-ақ өндіріс пен басқару құрылымын қалыптастыруда кәсіби функцияларды орындай алады.
6В04102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»: бакалавриат. Бағдарлама мемлекеттік және жергілікті басқару ерекшеліктерін зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарында екі дипломды білім алу, көптілді топтарда оқу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мектебінде кәсіби курстардан өту мүмкіндігі болып табылады.
Оқу барысында студенттер Менеджмент, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекеттік сектордағы Менеджмент, Мемлекеттік басқару теориясы, Жергілікті менеджмент, Дағдарысқа қарсы менеджмент және басқа да көптеген өзекті пәндерді оқиды.
Оқу барысында студент басқармада аналитикалық зерттеулер жүргізуді, жергілікті жерлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды болжауды; нақты өңірдің тұрғындарымен «кері байланысты» ұйымдастыруды, мемлекеттік, салалық және аумақтық бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін іске асыруды және бағалауды, билік органдары қызметінің нәтижелері бойынша басқару технологияларын қолдануды үйренеді.
Түлектер экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алып, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен әкімшілігінде, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде, экономика және қаржыны басқару органдарында, жергілікті басқару органдарында, ұлттық, мемлекеттік және жеке компанияларда, корпорацияларда, концерндерде маман болып жұмыс істей алады.
7М04104 - «Менеджмент»: магистратура. Бағдарлама басқару қызметін, менеджменттің теориялық және практикалық мәселелерін тереңдетіп зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарында қос дипломды білім алу, еліміздің ірі университеттері мен компанияларында іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі болып табылады; пәндердің бір бөлігі ағылшын тілінде оқытылады. Оқу барысында магистранттар басқару жүйесіндегі инновация, өздік менеджмент, стратегиялық менеджмент, сатематикалық әдістер мен модельдер және т.б. өзекті пәндерді оқиды. Оқу процесінде магистрант менеджменттің, экономика мен бизнестің қазіргі заманғы теориялық және практикалық проблемаларына ғылыми зерттеулер жүргізу, салалық, өңірлік және халықаралық нарықтарды талдау үшін экономикалық-математикалық және басқарушылық әдістерді қолдануды; нарықтық жағдайды талдау, жобаларды жоспарлау, басқару кешенінің жекелеген элементтері бойынша шешімдерді таңдау және бағалау бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауды; компанияның стратегиясын, брэнд-менеджмент элементтерін қоса алғанда, оның өнім саясатының басымдықтарын қалыптастыруды; экономикалық пәндер бойынша сабақтар өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; инновациялық басқару технологияларының әлемдік тәжірибесін отандық нарық жағдайларына бейімдеу шеңберінде теориялық проблемалардың шешімін табуды үйренеді. Түлектер экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және кәсіпорын басшылары, экономиканың нақты секторындағы, қаржы-банк жүйесіндегі, бизнес пен кәсіпкерлікте менеджерлер болып жұмыс істей алады, өндіріс пен басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлауда, өндіріс пен басқару құрылымын қалыптастыруда кәсіби функцияларды орындай алады, жоғары оқу орындарында «Бизнес және басқару» бағыты бойынша оқытушылар; ҒЗИ ғылыми қызметкерлері бола алады.
7М04103 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»: магистратура. Бағдарлама мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы өзекті мәселелерді, өңірлік экономиканың, мемлекеттің инновациялық қызметінің түйінді проблемаларын тереңдете зерделеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі-еуропалық жоғары оқу орындарында қос дипломды білім алу, еліміздің ірі университеттері мен ұлттық компанияларында іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі; пәндердің бір бөлігі ағылшын тілінде оқытылады. Оқу барысында магистранттар басқару жүйесіндегі инновация, басқарудағы ақпараттық технологиялар, мемлекеттік стратегиялық басқару және басқа да өзекті пәндерді оқиды. Магистрант саланы басқарудың қазіргі заманғы теориялық және практикалық проблемаларына ғылыми зерттеулер жүргізуді; мемлекеттік қызметтерді қалыптастыру және іске асыру процестерін ұйымдастыруды және басқаруды; өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейлерде басқару саласындағы қызметті жедел, тактикалық және стратегиялық болжау, жобалау және жоспарлау әдістерін қолдануды; басқарушылық қызметтер нарығына жүйелі талдау жүргізуді және оның тиімді жұмыс істеуі үшін оның дамуын болжауды үйренеді; аймақтық және мемлекеттік деңгейде басқаруды талдау үшін экономикалық-математикалық әдістерді қолдану; экономикалық және пәнаралық пәндер бойынша сабақтар өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдануға дағдыланады. Түлектер ғылым магистрі дәрежесін алып, ұлттық компаниялардың басшылары; мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен әкімшілігінде, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде, экономика мен қаржыны басқару органдарында, жергілікті басқару органдарында, ұлттық, мемлекеттік және жеке компанияларда, корпорациялардың концерндерінде, «Бизнес және басқару» бағыты бойынша жоғары оқу орындарында оқытушылар болып жұмыс істей алады; мемлекеттік басқаруды дамыту мәселелерін зерттеумен айналысатын ҒЗИ ғылыми қызметкерлері бола алады.
8D04102 – Мемлекеттік және жергілікті басқару: докторантура Бағдарлама өзгермелі саяси жағдай жағдайында аналитикалық зерттеулер жүргізуге және мемлекеттік басқару саласында стратегиялық тәсілдерді әзірлеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер мемлекеттік және жергілікті басқару саласында философия докторы (PhD) дәрежесін алады, бұл оларға жоғары оқу орындарында сабақ беруге және мемлекеттік басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Олар сондай-ақ жергілікті жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып және жалпымемлекеттік мүдделердің басымдығын сақтай отырып, ғылыми негізделген шаруашылық шешімдер қабылдай отырып, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында жетекші орындарға ие болуға және бөлімшелерді басқаруға дайын.
Жетписбаева Б.А., Акыбаева Г.С., Микляева Т.В., «Модуль Цифровой профиль» компетентностной модели
Дарибеков С.С. «Международный менеджмент» электронное учебное пособие
Ержанова С.К. «Креативті менеджмент» электронное учебное пособие
Каренов Р.С., Казбеков Т.Б., Мусабекова А.О. "История менеджмента" электронное учебное пособие
Мамбетова С.Ш.,Давлетбаева Н.Б., Жетписбаев К.А. «Риск-менеджмент» электронное учебное пособие
Положение о IV Международной дистанционной олимпиаде по ОП «Менеджмент»
Положение о III Международной дистанционной олимпиаде по ОП «Государственное и местное управление»