кафедра меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
профессор
Телефон: +7 7212 356398
E-mail: financy_f@mail.ru
Университет көшесі, 28
№ 1 ғимарат, 441 кабинет
ККафедра республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қаржы органдары; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Ұлттық экономика министрлігі; ҚР Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер; инвестициялық қорлар, сақтандыру және зейнетақы қорлары; түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мамандар дайындайды.
Кафедра студенттері екі бағыт бойынша оқуға мүмкіндік алады: «Қаржылық-банктік менеджмент» және «Мемлекеттік қаржылар». Оқу бағдарламасына «Қаржы менеджменті», «Қаржы нарықтары мен делдалдар», «Қаржылық тәуекелдерді басқару», «Кредиттік тәуекелдерді басқару», «Исламдық қаржыландыру», «Мемлекеттік бюджет», «Мемлекеттік қаржыны басқару» сияқты өзекті пәндер кіреді. Студенттер қаржы-банк секторы, сақтандыру, салық басқармасы, экономика, цифрлық грамматика салалары бойынша арнайы білім алады.
Кафедра түлектері қаржы саласындағы жетекші және бас мамандар, қаржы директорлары, коммерциялық менеджерлер, қаржы сарапшылары, аудиторлар немесе ревизорлар ретінде жұмыс істей алады.
Оқытушылардың ғылыми қызығушылықтары кафедраның жалғыз ғылыми бағытынан туындайды, ол: «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізудегі экономиканың қаржы-несие секторының басымдықтары».
Даталар мен фактілер
Тарихы:
«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді даярлау 1972 жылы ҚарМУ құрылған сәттен бастап жүзеге асырылады.
1974 жылдың 30 қыркүйегінде «Қаржы және несие» кафедрасы ашылды, оның негізін қалаушы, алғашқы меңгерушісі э.ғ.к., доцент Орманбаев Алтай Жұмабайұлы болды. Доцент А.Ж.Орманбаев 1972 жылға дейін ҚазМУ философия-экономика факультетінің «Салалық экономика» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді және 1972 жылы республикадағы екінші Қарағанды мемлекеттік университетінің ашылуына байланысты Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім беру министрлігінен ҚарМУ ректоры Е.А. Бөкетовке көмекке жіберілді. 1963 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Кафедра меңгерушілері э.ғ.д., профессор А.Ж.Орманбаев, э.ғ.к., доцент Б.К.Қажыкаримов, э.ғ.к., доцент С.М.Өмірбаев, э.ғ.к., доцент Г.А.Татиева, э.ғ.к., доцент А.С.Дәрібекова, э.ғ.к., профессор Л.С.Көмекбаева болды. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Т.Ақбаев.
Әр жылдары ҚарМУ экономика факультетінің декандары «Қаржы» кафедрасының өкілдерінен болды. Олар: э.ғ.д., профессор А.Ж.Орманбаев, э.ғ.к., доцент Б.К.Қажыкаримов, э.ғ.к., доцент С.М.Өмірбаев, э.ғ.д., «Қаржы» кафедрасының профессоры Б.С.Есенгельдин. «Қаржы» мамандығының түлегі Ж.С.Хусаинова қазіргі уақытта факультет деканы.
050509 - Қаржы мамандығы бойынша мамандарды қазақ тілінде дайындау 2004 жылдан бастап жүзеге асырылады. 5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау 2010 жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде жалпы, орта кәсіптік білім базасында күндізгі оқу нысаны бойынша және орта кәсіптік білім және жоғары білім базасында сырттай оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.
«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға оқуға қабылдау 1996 жылдан бастап жүргізіледі. Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша - 2 жыл, бейіндік бағыт бойынша -1 жыл. 6М050900/7М4107401 – Қаржы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша) мамандығының түлектері 6М050900/7М4107401.01 - Қаржы мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алады; бейіндік бағыт бойынша – 6М050900 – Қаржы мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алады.
Бірнеше жылдар аралығында ҚарМУ-нің экономика факультетінің декандары «Қаржы» кафедрасының өкілдері болды: э.ғ.д., профессор А. Ж. Орманбаев, э.ғ.к., доцент Б.К.Қажыкаримов, э.ғ.к., доцент С.М. Өмірбаев., э.ғ.д., профессор Б.С.Есенгелдин, э.ғ.к., профессор Ж. С. Хусаинова.
Қазіргі уақытта факультет деканы PhD, қауымдастырылған профессор А. Н. Ламбекова.
2004 жылдан бастап 050509 – Қаржы мамандығы бойынша мамандарды қазақ тілінде даярлау жүзеге асырылуда. 2010 жылдан бастап 5В050900 -Қаржы мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау жалпы, орта кәсіптік білім базасында күндізгі оқу нысаны бойынша және орта кәсіптік білім және жоғары білім базасында сырттай оқу нысаны бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуда.
2019 жылдан бастап 6В04109-Қаржы оқу бағдарламасының атауы өзгертілді, ал 2019 жылдан бастап жоғарғы және орта кәсіптік базасында білім алатын студенттер үшін қашықтықтан оқыту технологиясы (ҚБТ) енгізілді.
Қазіргі уақытта «Қаржы» кафедрасының құрамында 15 штаттық оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 8 экономика ғылымдарының кандидаты, 1 PhD және 6 ғылым магистрі.
Қаржы кафедрасы 2010 жылдан 2023 жылдар аралығында 1875 жоғары білікті қаржыгерлерді дайындап шығарды. «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға оқуға қабылдау 1996 жылдан бастап жүргізілді. Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл, бейіндік бағыт бойынша – 1 жыл. 7М04109 - «Қаржы» білім беру бағдарламасының түлектері (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша): 7М04109 – Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін; ал бейіндік бағытта – 7М04109.01 білім беру бағдарламасы бойынша экономика және бизнес магистрінің академиялық дәрежесін алады.
Оқытушылар:
Қазіргі уақытта кафедрада ғылым докторы, кандидат және магистр ғылыми дәрежелері бар 13 штаттық оқытушы жұмыс істейді.
Академиялық ұтқырлық және тағылымдама:
2018 жылдың 24-26 қыркүйегінде э.ғ.к., профессор Л.С.Көмекбаева және э.ғ.к., доцент Н.А.Лисова ғылыми тағылымдама аясында кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Халықаралық желілік институтқа (Ресей) барып қайтты. Оқытушылар А.Т.Жансейітов және Г.Р.Топшахова Coursera халықаралық білім беру платформасында оқыды. «Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қаржы» кафедрасынан А.Т.Жансейітов Манчестер университетінің (Ұлыбритания) магистратурасында оқыды және 2017 жылы оны табысты аяқтады, бүгінгі күні «Қаржы» кафедрасында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Польша Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісім аясында Катовицадағы экономикалық университетте кафедра докторанты Т.А.Ақанаева білім алуда.
Білім алушылар:
Кафедрада оқуға түскен студенттер саны – 228, олардың ішінде Ресей, Өзбекістан, Әзірбайжан елдерінің азаматтары бар.
Жұмысқа орналастыру:
Бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші - 86%, магистратура-100%.
Қос диплом бағдарламасы:
7М04107401 – «Қаржы» (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ) – «Экономикалық қауіпсіздік» (МИФИ, Мәскеу қ.) бағдарламасы.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өтіп, ұлттық рейтингте лайықты орындарға ие: «Атамекен» рейтингісінде 5В050900/6В04109 –«Қаржы» бағдарламасы 2018 жылы – 23-орын, 2019 жылы – 24-орын, 2020 жылы – 35-орында.
Оқу бағдарламалары
6В04109 «Қаржы»: бакалавриат. Аталған оқу бағдарламасы шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны ұйымдастырудың, реттеудің, басқарудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын; ұлттық экономиканың даму үрдістерін, қазіргі заманғы цифрлық қаржы технологияларын зерделеумен байланысты.
Оқу бағдарламасы аясында студенттер келесі маңызды пәндерді оқиды: Қаржылық тәуекелдерді басқару, Банктік тәуекелдерді басқару, Қаржылық менеджмент, Салықтық басқару, Салықтық әкімшілдендіру, Қаржылық басқарудағы ақпараттық жүйелер, Интернет-банкинг және т.б.
Оқу барысында студент жоспарлауды, болжауды, реттеуді, басқаруды және қаржыны ұйымдастыруды, бақылауды, микро және макро деңгейлерде ақша-несие және фискалдық саясатты жүзеге асыру негіздерін үйренеді. Өндірістік практика барысында студент банк мекемесінің қаржылық жағдайын талдау, кәсіпорындардағы бюджеттеу дағдыларын игереді.
Аталған мамандық бойынша түлектер бизнес және басқару бакалавры дәрежесін алып, қаржы мамандары, банк секторының қаржы директоры, түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы сарапшылары болып жұмыс істей алады.
7М4107401 «Қаржы:» магистратура. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - ресейлік жоғары оқу орындарының қатысуымен қос диплом алу мүмкіндігі, еліміздің ірі университеттері мен компанияларында іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту; пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі.
Оқу бағдарламасы аясында магистранттар келесі маңызды пәндерді оқиды: Қаржылық мониторинг, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, Қаржылық менеджмент (ілгерілемелі курс), Қаржы жүйесінің қаізргі өзекті мәселелері (ағылшын тілінде), Мемлекеттік қаржыны басқарудағы ақпараттық технологиялар (ағылшын тілінде) және т.б.
Оқу үдерісіндее магистрант қаржы-ақшалай реттеу саласындағы қазіргі заманғы теориялық және практикалық мәселелерге ғылыми-практикалық зерттеу жүргізуді, қаржыны басқаруда экономикалық-математикалық әдістерді қолдануды, кәсіпорындардың, қаржы органдары мен сақтандыру ұйымдарының, ипотекалық, лизингтік, факторингтік, брокерлік, инвестициялық компаниялардың, ломбардтардың, несиелік серіктестіктердің консультациялық қызметін жүргізуді және талдауды үйренеді.
Аталған мамандық бойынша түлектер экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, жоғары оқу орнында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады, республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қаржы органдарында, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде маман, банк және қаржы мекемелерінде бөлім басшысы болып жұмыс істей алады.