20-21 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті (Алматы қ.) базасында шет тілдерінен Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші, қорытынды кезеңі өтті. Біздің студенттер сол жерден жүлделі орындармен оралды!
Муслиева Карина – "Шетел тілі: екі шетел тілі" білім беру бағдарламасының студенті - "француз тілі" секциясындағы 2 дәрежелі диплом (жетекшісі-аға оқытушы Е. В. Кружкова).
Бейсенова Әсемгүл – "Шетел филологиясы" білім беру бағдарламасының студенті – "қытай тілі" секциясындағы 3 дәрежелі диплом (жетекшісі-аға оқытушы Шалгимбаева С.Т.).
Әлихан Кәкімов – "Шетел филологиясы" білім беру бағдарламасының студенті - "ағылшын тілі" секциясының 3 дәрежелі дипломы (жетекшісі – аға оқытушы А. М. Омарова)
Біздің талантты және ынталы студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!