2023 жылдың 22 сәуірінде Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Химия факультетінің базасында, Қарағанды қаласы, Қарағанды облысының, оған іргелес өңірлердің жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында Химия пәнінен ашық ХVI олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңді қамтыды. Бірінші теориялық кезең тестілеу түрінде, екінші кезеңде - эксперименттік тапсырмаларды орындады.
Әділ-қазылардың шешімімен олимпиада қорытындысы жарияланды.
Муслиева Карина – "Шетел тілі: екі шетел тілі" білім беру бағдарламасының студенті - "француз тілі" секциясындағы 2 дәрежелі диплом (жетекшісі-аға оқытушы Е. В. Кружкова).
Бейсенова Әсемгүл – "Шетел филологиясы" білім беру бағдарламасының студенті – "қытай тілі" секциясындағы 3 дәрежелі диплом (жетекшісі-аға оқытушы Шалгимбаева С.Т.).
Әлихан Кәкімов – "Шетел филологиясы" білім беру бағдарламасының студенті - "ағылшын тілі" секциясының 3 дәрежелі дипломы (жетекшісі – аға оқытушы А. М. Омарова)
Біздің талантты және ынталы студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!