ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

Қарағанды Бөкетов зерттеу университетінде студент жастардың атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдерімен кездесуі өтті. Алдағы референдум мен Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бүлдірмейтін бақылау әдістерінің ғылыми-техникалық орталығының (ББӘ ҒТО) бастығы Е.Л. Ермаковтың айтуынша, бүгінде Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезініп, оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр, бұл қосымша экономикалық және энергетикалық тәуекелдерді тудырады.

«Қазіргі уақытта электр энергиясының тапшылығы шамамен екі гигаватт, егер 10 жыл бұрын біз энергетикалық тапшылық жайлы айта бастаған болсақ, бүгін міне, сол күндер де келіп жетті. Бұл Қазақстанда дамудың негізгі факторларының бірі – энергетикалық қауіпсіздіктің жоқтығын көрсетеді, технология, медицина мен әлеуметтік саланы сенімді дамыту үшін осы энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізуіміз керек», – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, халықтың қалдықтарды кәдеге жарату туралы сұрақтары туындайтыны атап өтіліп, олардың арнайы қаптамада сол үшін бөлінген үй-жайларда қатаң бақылауда сақталатыны айтылды. Евгений Леонидовичтің айтуынша, көмір станцияларын пайдалану кезінде атмосфераны ластайтын қож көп мөлшерде бөліне бастайды, ал қазіргі заманғы реакторлық қондырғылар контейнменттерге – көлемді герметикалық қабықшаларға салынады, олар апат болған жағдайда радиоактивті заттардың атмосфераға таралауына жол бермейді.

«Ядролық отын бұдан 20 жыл бұрынғыдай радиоактивті қалдық болып саналмайды. Бүгінде қолданылған ядролық отынды одан әрі пайдалану мақсатында жаңа буын реакторларында қайта өңдеу технологиялары белсенді пайдаланылуда», – деп атап өтті ол.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, атом энергиясы тұрақты қуат көзімен қамтамасыз етудің ең прогрессивті ресурстардың бірі болып табылады. Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі атом станцияларының электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты сәтті жеңіп қана қоймай, сонымен қатар жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында әсіресе маңызды болып табылатын көміртегі шығарындыларын азайтуға қабілетті екенін көрсетеді.

«Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, жұмыс орындары құрылатынын, медицина мен басқа да салаларда бейбіт атомды пайдалану қолжетімді болатынын, жаңа технологиялар дамитынын атап өткім келеді. Қорытындылай келе, атом электр станциясы экологиялық таза, қауіпсіз және үнемді екенін айтқым келеді», – деп түйіндеді сөзін Е.Л. Ермаков.

Шара барысында Студенттік парламенттің, «Жастар рухы» ЖҚ бөлімшесінің басшысы Рақышев Ернар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдеріне кездесуді ұйымдастырып, барлық нюанстарды жан-жақты түсіндіріп бергені үшін алғысын білдірді.

«Студент жастардың атынан бұл бастаманы толығымен қолдайтынымызды айтқым келеді. Атом электр станциясының құрылысы елдің дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдімін», – деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Аймағамбетов Қазақстанның болашағы әрқайсымызға байланысты, сондықтан проблемаларды айтып қана қоймай, оларды шешуге атсалысу маңызды екенін атап өтті. Осыған орай, алдағы референдумға қатысу – әрбір қазақстандықтың міндеті.