ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Табысты түлекпен кездесу, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 40 жылдығына арналады

2024 жылдың 1 наурызында «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 40 жылдығына арналған «Табысты түлектермен кездесу» жобасы аясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының (академик) толық мүшесі, ҚР БҒМ дарынды жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері, «Болашақ» халықаралық стипендиясының лауреаты, ҚР БҒМ «Үздік оқытушы - 2008, 2014» грантының иегері, ARQA аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі, Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» ШЖҚ РММ, «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі», «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ сарапшысы Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызымен кездесу өтті,

Қазақ тілінде оқытатын студенттерді алғашқы қабылдау 1989 жылы «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы ашылғаннан кейін бес жыл өткен соң жүзеге асырылды, олардың ішінде Қарлығаш Амангелдіқызы да болды, ол 4 жыл ішінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітіріп, бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасына бөлінді. Осылайша оның кәсіби қызметі басталды: университет оқытушысынан профессорға дейін, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары (2011), компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің деканы (2018), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры (2021). 300-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы. Жұмыс барысында оның басшылығымен педагогика бойынша 2 кандидаттық, 2 докторлық (PhD) және 15 магистрлік жұмыстар сәтті қорғалды.

Қазіргі уақытта Қ.А. Сарбасова ҚР Білім Министрлігі жанындағы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ бас сарапшысы, ғылыми кеңесшісі.

Ашық диалог өзара тәжірибе мен білім алмасу атмосферасын құрды. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушылары қызықты сұрақтарға жауап, өздерінің кәсіби дағдыларын дамыту және жеке өсу бойынша құнды ұсыныстар алды.

Қарлығаш Амангелдіқызының ойының жаймашуақ баяндалуының артында қуатты мазмұн: өмірлік және педагогикалық тәжірибенің, құнды бақылаулар мен пайдалы кәсіби кеңестердің шоғырлануы жатыр.

Қарлығаш Амангелдіқызының естеліктері мен оның табысының тарихы - бұл Бөкетов университетіне деген құрмет қана емес, сонымен қатар білім алушылардың жаңа буыны үшін лайықты үлгі.