ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАЗАН ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН ПРОФЕССОРМЕН КЕЗДЕСУ


Халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес шетелдікғалымдарды тарту бағдарламасы аясында наурыздың 4-і күні академикЕ.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Қазан федералдыуниверситетінің татар әдебиеті кафедрасының профессоры, филологияғылымдарының докторы Ляйля Ихсанқызы Мингазова қонақ дәріс оқуғакелді.Шетелдік ғалымды Басқарма Төрағасы - Ректордың міндетін атқарушыстратегиялық даму жөніндегі проректор Е.Ж.Сармурзин қабылдады. Екіуниверситеттің арасындағы серіктестікті жоғары бағалап, ЕрболЖаңбырбайұлы алдағы уақытта қос оқу орнының академиялықынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталғанбайланысы нығая түсетіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар, құрметтіқонаққа университетіміздің естелік мерчін табыстады.Филология факультетінде жалғасқан дәрісте факультет деканы Е.Е.Түйтесөз сөйлеп, Ляйля Ихсанқызының біздің докторанттарға шетелдік кеңесшіретінде қолдау танытып келе жатқандығына алғыс білдірді.9 монографиялық еңбектің және татар, орыс, түрік, қазақ және ағылшынтілдерінде 550-ден астам ғылыми мақалалардың, WoS және Scopusбазаларына енген журналдарда жарияланған ғылыми еңбектердің авторы(Хирш индексі: WoS - 3, Scopus – 7) Л.Мингазова 4-7 наурыз аралығындаоффлайн, 8-31 наурыз аралығында онлайн түрде студенттер мендокторанттарға қонақ дәрістер мен оқыту семинарларын өткізеді.Білікті маманның тәжірибесі мен ғылыми жетістіктері университетоқытушылары, докторанттары мен магистранттарына үлкен әсерқалдырады деген сенімдіміз.