БӨКЕТОВТІҢ ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Қарағанды Бөкетов университетінің конференц-залында университет басқармасының кезекті отырысы өтті. Жиынға басқарма мүшелері, факультет декандары мен жоғары оқу орындарының құрметті профессорлары қатысты.Күн тәртібіндегі басты мәселе – университеттің тұңғыш ректорының мерейтойына арналған шараларды ұйымдастыру болды.Бүгінгі күнге дейін 26 шара мен 70-тен астам маңызды шара өткізілді. Олардың қатарында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, физика және орыс тілі пәндерінен олимпиадалар, дөңгелек үстелдер, студенттер, магистранттар мен докторанттар арасындағы лингвистика және лингводидактика бойынша халықаралық байқау, халықаралық мектеп, «Бөкетов оқулары – 2025» және тағы басқа игі шаралар бар.Сәуір-мамыр айларында бес конференция, екі байқау, бір жоба және бір марафон өткізу жоспарланып отыр.Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолданған депутаттық сауалда Бөкетовке арналған жеті томдық шығармалар жинағын жарыққа шығару және 20 жыл бұрын шыққан алты томдық басылымды толықтырып, оған жарияланбаған еңбектер мен шетел мұрағаттарынан алынған материалдарды енгізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Бұл жұмысқа университеттің барлық факультеті тартылатын болады. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында Петропавл, Қарағанды, Көкшетау, Астана, Алматы, Түркістан қалаларында салынып жатқан заманауи мектептерге Бөкетовтің есімін беру, бұл мектептерде Бөкетовке арналған музейлер мен бұрыштар ашу, сондай-ақ Е.А.Бөкетовтің еңбектерін орта мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды.Ғалым әрі жазушының есімін ұлықтау мақсатында Астана, Алматы, Түркістан, Балқаш қалаларында көшелерге есімін беру, Балқаш пен оның туған қаласы Петропавлда ескерткіш орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, Бөкетовтің жерленген жерін абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру, жыл бойы ғалымның мерейтойына арналған шаралар циклін ұйымдастыруда Қарағанды облысы әкімдігімен бірлескен жұмыс жүргізу мәселелері қозғалды.Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық банкке академиктің құрметіне арналған мерейтойлық монета шығару ұсынылды.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Бөкетов атындағы ғылым саласындағы сыйлықтың мәртебесі мен көлемін арттыру мәселесін шешу тапсырылды.Премьер-министрден Бөкетовтің ғылым саласына қосқан баға жетпес үлесіне қатысты оң жауап келіп, бұл Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретіні атап өтілді. Ғалымның еңбектері ұлттық ғылым саласында өзектілігін жоймаған және жас ғалымдар үшін бағдар бола алады.«Qazaqstan» ұлттық арнасының арнайы жобасы аясында академик Бөкетовтің 100 жылдығына орай 40 минуттық арнайы эфир ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерейтой аясындағы шараларға ақпараттық қолдау көрсетіліп, академиктің өмірі мен қызметі туралы мақалалар баспасөзде және интернет ресурстарында жарияланады.Ел қалаларындағы театрларда Бөкетовтің драмалық пьесаларын қайта сахналау, ғалым-жазушы туралы деректі фильм түсіру, мұрасын баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерде насихаттау, теледидар мен радио арқылы арнайы хабарлар ұйымдастыру жоспарлануда.Биылғы жылдың екінші тоқсанында Е.А.Бөкетов бейнеленген 200 теңгелік 100 коллекциялық монетадан 5 000 дана шығарылады.2025 жылдың 26 қыркүйегінде шетелдік қонақтар мен Бөкетов университетінің ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция өткізу жоспарланған. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша облыстық әкімдіктің қолдауымен ғалымның нақыл сөздері жазылған баннерлер орнатылады.Осы жылы Бөкетовтің жеті томдығы және зерттеу университетінің қалыптасуы жайлы энциклопедия жарық көреді. Энциклопедияның 20-30 пайызы ғалымға арналса, қалған бөлігі зерттеу университетінің тарихы мен дамуына қатысты болады. Екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Сонымен қатар, университеттің әр факультетінің үздік студенттеріне Бөкетов атындағы шәкіртақы тағайындау мәселесі қарастырылуда.