26-27 қазанда Қарағанды Бөкетов университетіне сапармен QS Quacquarelli Symonds компаниясының өкілдері - жоғары білім беруде үлкен тәжірибесі бар жетекші QS кеңесшісі, MBA Kesh Patel және QS-тің Орталық Азия мен Кавказдағы аймақтық өкілі, Thompson Reuters, Яндекс сияқты компанияларда, сондай-ақ Назарбаев Университетінде жұмыс тәжірибесі бар жоғары білім беру саласындағы сарапшысы Дара Бухтоярова келді.
26 қазанда QS өкілдері «2024 жылғы рейтингтік циклге дайындық» және «Халықаралық университеттің беделін нығайту және дамыту бойынша үздік тәжірибелер» сияқты семинарлар өткізді. Семинарларға университет Басқармасы мүшелері, факультет декандары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты. Семинарларда QS World University Ranking критерийлерін өзгерту және қазақстандық университеттері үшін принципті жаңа рейтинг – QS Asia Ranking-ке кіру мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Қонақтарымыздың сапарының екінші күні фокус-топтармен үш кездесу өткізілді. Кездесулерде Пател мырза мен Бухтоярова ханым Қарағанды Бөкетов университетінің түрлі бизнес-процестерімен танысу мақсатында университет басшылығымен, қызметкерлерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен әңгімелесті. Осы кездесулердің нәтижелері бойынша QS-тік әріптестеріміз Қарағанды Бөкетов университетінің әлемдік рейтингте ілгерілеуі бойынша Жол картасын дайындайды. Біз Ұлыбританиядан келген әріптестерімізбен жемісті ынтымақтастық жалғасын асыға күтеміз және біздің альма-матер әлемдік және аймақтық рейтингтерде тек ғана жоғары көтеріледі деп сенеміз!