2025 жылғы 24 ақпан мен 4 наурыз аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Ұлттық университеті (Өзбекстан) өкілдерінің сапары өтуде. Сапар аясында Қарағанды университетіне Өзбекстаннан екі оқытушы келді:1. Ибраимова Азиза Алимбаевна, география ғылымдарының кандидаты, доцент, шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында дәрістер мен семинарлар өткізеді.2. Авезов Мухриддин Максуд угли, география ғылымдарының кандидаты, доцент, география мен экологияның өзекті мәселелері бойынша қонақ лекторының бағдарламасы аясында дәрістер топтамасын өткізеді. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қарағанды университетіне «География», «Геодезия, картография және кадастр» бағыттары бойынша оқитын Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің студенттері мен магистранттары келді. Олардың бағдарламаға қатысуы білімді кеңейтуге және екі университет арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті мен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті арасындағы ынтымақтастық 2021 жылы шартқа қол қою арқылы ресми түрде бекітілді және сапар екі университет арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды.