Шетел тілдері факультеті 22.09.23-24.09.23 ж. аралығында білім алушыларға Қарқаралы оқу аймағында бейресми білім беру шеңберінде "Language Open-Air" көшпелі тілдік мектебін ұйымдастырды. "Language Open-Air" көшпелі тілдік мектеп - университет қабырғасынан тыс жерде білім алушылар үшін өткізілетін білім беру және мәдени іс-шаралар кешені, яғни білім алушылардың оқу қызметін жандандыру құралы және шетел тілін оқытудағы эксперименттік алаң ретінде әрекет етеді. "Language Open-Air" көшпелі тілдік мектебінің мақсаты – білім алушылардың шетел тілдік коммуникативтік дағдыларын дамыту, lifelong learning қағидатын іске асыруға, soft skills қалыптастыруға бағытталған.
Көшпелі тілдік мектептің бағдарламасы сыртқы диалог арқылы тұлғааралық өзара қарым-қатынасты қалыптастыру мен материалды игеру процесінде жаңа мүмкіндіктерді көрсететін шетел тілдерін оқытудың интерактивті нысандарын пайдалана отырып, практикалық сабақтар өткізуді қамтыды. Аталмыш үш күн ішінде студенттер оқытушылармен және шетелдік оқытушылар С. Харрисон (Fulbright English Teaching бағдарламасының ассистенті), Ч. Курт, Түркиялық қонақ дәріскер, ШТДТӘ кафедрасының аға оқытушысы Э.Р. Тәжібаевамен бірге түрік және ағылшын тілдерінде өзін-өзі таныстыру, "Бұл не? Бұл кім?", жағдаяттық тапсырмалар мен топтық жұмыстарды орындап, мәдениет, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар туралы пікір алмасып, деректі фильмдер көріп, рефлексия өткізді. Сонымен қатар іс-шара біршама қолайсыздықтарға қарамастан, сәтті өтті!
Іс-шараны ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде №АР19678268 "Ресми және бейресми жоғары білім беру конвергенциясы жағдайында кәсіби шет тілдік даярлықты іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері" атты ғылыми жоба аясында орындалды.