ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІНІҢ АЛЫП ТҰЛҒАСЫ – АКАДЕМИК ЕВНЕЙ АРЫСТАНҰЛЫ БӨКЕТОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ "ВАШИНГТОНДАҒЫ БӨКЕТОВ КҮНІ" ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ


26 наурыз күні АҚШ-тың ең беделді 40 университетінің бірі – Джордж Вашингтон университетінде академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 100 жылдығына арналған "Вашингтондағы Бөкетов күні" ғылыми-танымдық іс-шарасы өтті. Бұл шара аталған университеттің Бизнес мектебі ғимаратында ұйымдастырылып, екі бөлімнен тұрды:1. “Біртуар тұлға Бөкетов” ғылыми-танымдық семинары2. Қасиетті Рамазан айының 27-күніне орай ұйымдастырылған “Ауызашар”Іс-шараға қатысушыларАталған іс-шараға Джордж Вашингтон университеті Бизнес мектебінің басшылығы мен профессорлары, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі өкілдері, Қазақ-американ қауымдастығының төрағасы мен өкілдері, АҚШ-тағы қазақ зиялы қауымы, академик Бөкетовтың шәкірттері, Бөкетов университетінің түлектері, Вашингтон және Лос-Анджелестегі "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендиат-ғалымдары, АҚШ-тағы халықаралық ұйымдарда қызмет атқаратын Қазақстанның арнайы өкілдері мен сарапшы мамандары, сондай-ақ Вашингтон қаласының бизнес саласында еңбек етіп жүрген қандастарымыз қатысты.Ғылыми-танымдық семинарСеминардың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Джордж Вашингтон университеті Бизнес мектебінің деканы, доктор Ванесса Перри ханым академик Бөкетовтың ғылыми мұрасына тоқталып, мазмұнды баяндама жасап, бүгінгі күннің қаһарманы туралы мағлұматтарды меңгергендігімен қатысушыларды тәнті етті.Семинар барысында жергілікті ғалымдар мен білім-ғылым саласындағы мамандар, түлектер, семинар модераторы Академик Бөкетов және Бөкетов университеті туралы ақпараттық-танымдық баяндамалар жасады.Баяндамашылардан бөлек, семинарға арнайы шақыртылған Джордж Вашингтон университеті Бизнес мектебі деканының орынбасары, қаржы ғылымдарының магистрі, Қаржы саласының профессоры - Джордж М. Джаббур мен Бизнес мектебінің «Шешім қабылдау ғылымдары» кафедрасының профессоры, PhD Хомаюн Хамуши да белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Бұдан бөлек, басқа да АҚШ-да тұратын қазақ ғалымдары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Қазақ-Американ қауымдастығының Президенті, бизнес саласындағы мамандар, Бөкетов университет түлектері де ғұлама ғалым жайлы өз ойларын ортаға салды.Ауызашар рәсіміҒылыми-танымдық іс-шараның екінші бөлігінде қасиетті Рамазан айының Қадір түніне тұспа-тұс келген 27-ші күнге орай ауызашар ұйымдастырылып, оған 70-тен астам адам қатысты. Ауызашар барысында Karaganda Buketov University брендтік өнімдері мен академик Бөкетов туралы Медеу Сәрсекенің екі еңбегі белсенді қатысушыларға естелік ретінде табысталды. Дастархан соңында академик Бөкетовтың рухына Құран бағышталып, арнайы әзірленген баннерлер жанында естелік суреттер түсірілді.Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендерге алғысБұл маңызды іс-шараның сәтті өтуіне қолдау көрсеткен Қарағанды Бөкетов университетінің басшылығына, кәсіподақ ұйымына, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігіне, Джордж Вашингтон университетінің, оның ішінде Бизнес мектебінің басшылығына және профессорлар қауымына ерекше алғысымызды білдіреміз.Сондай-ақ, Қазақ-американ қауымдастығына, АҚШ-тағы қазақ зиялы қауым өкілдеріне, академик Бөкетовтың шәкірттеріне, Бөкетов университетінің түлектеріне, "Болашақ" бағдарламасының стипендиат-ғалымдарына, АҚШ-тағы халықаралық ұйымдарда қызмет ететін Қазақстанның арнайы өкілдері мен сарапшы мамандарына, Вашингтон қаласының бизнес саласында жүрген қандастарымызға, сондай-ақ "24KZ" және "Информбюро" БАҚ өкілдеріне іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қосқан үлестері үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.Дүйсембаев Азамат Алдашұлы «Болашақ» ХБ-ның стипендиаты, GWU-нің ғылыми тағылымгері,экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор