Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды Бөкетов университетінде ОПҚ мен студенттердің Қазақстанның мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ құрметті төрағасы, тарих факультетінің түлегі Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлымен кездесуі өтті.
Кездесу аясында «Тәуелсіздік және тұлғалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғаларды тілге тиек етті. Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессор ассистенті, PhD докторы Н.Б. Смағұлов «Ел егемендігінің тарихи белестері» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушылардың назарына бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Б.А. Досованың «Вехи становления Независимого Казахстана» баяндамасы ұсынылды.
Спикерлер қатарында тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Ж.Ә.Жұмабеков болды. «Ел тәуелсіздігін нығайтудағы тұлғалардың рөлі» атты баяндамасында ол тарихты жеке тұлғалар жасайтынын атап өтті.
Осындай тұлғалардың бірі факультет түлегі О.Ә. Әбдікәрімовке Ғылыми кеңестің шешімімен бүгін университеттің Құрметті профессоры атағы берілді.