2022 жылғы 8-9 желтоқсан аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Sustainable Tourism Development» («Туризмнің тұрақты дамуы») атты V қашықтықтан өтетін халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысуға шақырады.
Байқау келесі бағыттар бойынша өтеді:
7 желтоқсанға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық байқауға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына нысан бойынша өтінім жіберуі қажет: tourism_competition@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін
I тур «Эссе» - команданың әрбір мүшесі келесі тақырыптағы эссе жіберу керек: «Тұрақты туристік бағыттарды жылжытудағы цифрлық құралдардың тиімділігі», эссе ортақ архивта жалпы команданың атынан Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін 2022 жылғы 8 желтоқсанға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: tourism_competition@mail.ru.
II тур “Бейнеролик” – командамен бейнеролик ұсыну, бейнеролик Конкурстың бағыттары бойынша жасалуы керек және 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Астана қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: tourism_competition@mail.ru.
Ғылыми жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық байқау туралы ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: tourism_competition@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна), +77015120348 (Ташенова Лариса Владимировна).