2024 жылғы 26-27 қаңтар аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша V Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады.
Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтеді:
I тур «Туристік маршрут» - әрбір команда аймақ/облыс/қала бойынша туристік маршрутты әзірлейді және оны мультимедиялық презентация форматында жобалайды.
II тур «Бейнеролик» – командамен бейнероликті ұсыну, бейнеролик олимпиаданың бағыттары бойынша жасалуы тиіс.
Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиада туралы ережеде көрсетілген.
26 қаңтарға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына белгіленген қалып бойынша өтінім жіберуі қажет: international_tourolimpiada@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін
Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: international_tourolimpiada@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).