2024 жылғы 28-29 наурыз аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша V Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады.
29 наурызға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына белгіленген қалып бойынша өтінім жіберуі қажет: rdgb_olympics_ksu@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін. Олимпиадаға 3 адамнан тұратын командалар қатыса алады.
I кезең «Мейрамхана бизнесіндегі серіктестік бағдарламалар адалдықты арттыру құралы ретінде» тақырыбындағы бизнес-сызба – команда көрсетілген тақырып бойынша бизнес сызбаны дайындайды. Жұмыс кез-келген графикалық редакторда құрастырылып, ұйымдастыру комитетінің rdgb_olympics_ksu@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі.
II кезең «Бейнеролик» – сараптамалық комиссия тобына жұмыстарды қарауға ұсынуы. Бейнеролик Астана қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: rdgb_olympics_ksu@mail.ru. Хатта ЖОО атауы және бейнеролик атауы көрсетілуі керек.
II кезеңге арналған бейнероликтердің тақырыптары:
Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиада туралы ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: rdgb_olympics_ksu@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).