ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАТАҚХАНАЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА ЖАҢАРТЫЛДЫ

26 қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттік жатақханаларына 37 жаңа тоңазытқыш табысталды. Тұрмыстық техника «Халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастығы аясында берілді. Университет ректоры Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы оқу орнының жұмысында студенттерге қолайлы жағдай жасау бірінші кезекте тұрғанын атап өтті. Жаңа тоңазытқыштардың 16-сы бірінші жатақханада, тағы 16-сы – үшінші, қалған бесеуі төртінші жатақханада орнатылды. Студенттер университет басшылығы мен серіктестерге тұрмыс жағдайын жақсартқаны үшін алғыстарын білдіріп, мұндай көмек олардың өмірін жайлы ететінін баса айтты.