ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Дарындарды басқару –HR студенттерінің бірінші форумы»

27 қазан күні М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Дарындарды басқару –HR студенттерінің бірінші форумы» өтті. Шара М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Басқарма төрағасы – ректоры Талғат Нәрікбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

Форум барысында ҚазГЗУ университетінің Халықаралық экономика мектебінің HR бағдарламасының үйлестірушісі Ярослава Савина форумға қатысушы студенттерімен интербелсенді диалог жүргізді.

Конференцияға қатысушылардың кәсіби және жеке құзыреттерін күшейтуге бағытталған шеберлік сыныптары өтті. Атап айтар болсақ, HR Сертификаттау орталығының оқу бағдарламасының жетекшісі, жаттықтырушы, CIPD Зауре Әлжанова «Кері байланысты қалай дұрыс алуға және беруге болады? HR үшін маңызды дағды» тақырыбында, HR Сертификаттау орталығының әдіскері, жаттықтырушы, PHRI Айжан Кәкенова және HR Сертификаттау орталығының директоры, жаттықтырушы Татьяна Башарина «HR қандай құзыреттерге ие болуы керек?», «EQ, байланыс, эмпатия, HR аналитика, зерттеу» тақырыптарында, КАЗГЮУ Университетінің Халықаралық экономика мектебінің HR бағдарламасының үйлестірушісі Ярослава Савина «Корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы HR рөлі. Пайдалы құралдар» тақырыбында мастер-класстар жүргізді. Сонымен қатар, «Білім берудегі заманауи HR трендтері» атты жоғары оқу орындарының HR бөлімшелерінің басшыларына арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Спикерлер ҚР HR менеджерлер қауымдастығының төрағасы Гүлмира Раисова, Мадина Қарсақбаева болды.

Форумды М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті HR менеджерлер қауымдастығымен (HR сертификаттау орталығы) бірлесе отырып ұйымдастырды.