ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАРАҒАНДЫ БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗАҢГЕР-ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ХАЛЫҚТЫҢ ӘДІЛЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ СИНЕРГИЯ

Қарағанды Бөкетов университетінің алаңында «Жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы халқының әділетке қолжетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері» бағдарламасы аясында «Әділет жүйесіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбында халықаралық дайджест өтті.Аралас форматта ұйымдастырылған шараға мемлекеттік биліктің барлық тармағының өкілдері: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдану мәселелерімен айналысатын шетелдік (Ресей, АҚШ, Қытай, Польша) ғалымдар мен практик мамандар қатысты.Дискуссия барысында спикерлер шетелдік тәжірибелердегі жасанды интеллектіні сот және құқық қорғау жүйелеріне енгізу мәселелерін, ЖИ қолданудың құқықтық аспектілерін, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдану кезінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін және Бағдарлама тақырыбы бойынша жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелерін талқылады.Халықтың құқықтарын қорғауға жасанды интеллектті қолдану арқылы қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған серіктес ұйым ұсынған «LegalExpert.kz» цифрлық платформасының таныстырылымы қызу пікірталас тудырды.Дайджест қатысушылары шара қорытындыларын шығарып, бағдарламаны одан әрі іске асырудың келесі кезеңдерін айқындады.
Цифровой образовательный контент