ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНИТОЛОГИЯСЫНЫҢ АЛУАН ТҮРЛЕРІН ЗЕРТТЕУДЕ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінде «Alive» клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері Қазақстанның өзекті экологиялық міндеттерінің бірін шешуге бағытталған, атап айтқанда, биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша орнитологиялық зерттеулер жүргізеді. «Біз көбінесе су айдындарында жұмыс істейміз, жем-шөптің мол қоры құстардың көптеген түрлерін бір жерден көруімізге мүмкіндік береді. Анықтаған бағыт бойынша жазықтық есебін жүргіземіз: уақытты, температураны, координаттарды, желдің жылдамдығын, құстардың түрлерінің санын анықтаймыз. Жұмыс барысында оптика, фотоаппараттар, дүрбілер сияқты анықтауыштарды қолданамыз», — дейді биология мамандығының 4 курс студенті Ева Шишкина. Оның айтуынша, бақылау процесінде алынған мәліметтер мұқият талданады. Талдаулардың негізінде ғылыми мақалалар жазылып, жарияланады, олар жергілікті мамандарға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының фаунасымен жұмыс істеу кезінде дүние жүзінің ғалымдарына да пайдалы болуы мүмкін. Бүгінгі таңда өзіміздің әдістемелерімізді жетілдіріп, нақты уақыт режимінде орнитофаунаның жай-күйін егжей-тегжейлі сипаттау үшін және оның даму перспективаларын одан әрі болжау үшін алынған нәтижелерді статистикалық талдауды үйренудеміз», — дейді студент. Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген түрлер ерекше қызығушылық тудырады, дегенмен қарапайым түрлерді есепке алу өте маңызды. Осыған байланысты бірнеше жыл бойы сұңқарлар тұқымдасының өкілі — қарапайым күйкентай бақылауға алынуда. «Бірінші оқу жылында заманауи фотоаппараттың көмегімен ерекше құсты суретке түсіріп алдым. Бұл құстар жыл сайын, бірнеше жылдан бері оқу ғимаратымыздың төбесіне ұя салып, балапандарын өсіріп келеді. 2020 жылы осы тақырып бойынша мақала жазып, жарияладым. Үш жылдан кейін университет басшылығының, оқытушылар мен студенттердің қолдауымен сұңқар бейнесі оқу ғимаратымыздың қабырғасында бейнеленді. Бұл құс биология-география факультетінің символына айналды деп айтуға болады. Сондықтан «Alive» клубының мүшелері әр маусым сайын олардың ұшып келуін тіркеуді жалғастыра береді», — деп ойын қорытындылады Ева Шишкина.