Бүгін философия және психология факультетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасында "Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика: шынайылық және перспективалар" атты алғашқы халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның модераторы әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, асс.профессор Абдрашева Бану Жолдыбекқызы болды.
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, асс.профессор Джамалиева Ғазиза Жұмағалиқызы құттықтау сөз сөйледі.
Сочи мемлекеттік университетінің (Ресей) доценті Михалькова Ольга Анатольевна баяндама жасады (Баяндама тақырыбы: "Жас инновациялық жобалар мен халықаралық қызметті сараптамалық сүйемелдеу бойынша жұмыс тәжірибесі").
Кастамону университетінен (Түркия) PhD доктор Хажы Ахмет Шимшек "Еуропадағы қоғамдық игілік ретінде еріктіліктің тарихи бастаулары" тақырыбы аясында баяндама жасады.
Конференцияға сонымен қатар профессор Ш. М. Мұхтарова, асс. профессор М. Т. Баймуканова, 1 курс магистранты Т.С. Шыныбай, әлеуметтік педагог Г. Т. Түсіпова баяндамамен қатысты.
Бөлімдер бойынша жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Әлеуметтік жұмыс мамандарын модернизациялау мәселелері.
- Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық тәрбиенің мәні.
- Қазіргі тәрбие мен білім берудің интеграциялануы