Педагогика факультетінде 2024 жылдың 9 қаңтарында жас оқытушылар, докторанттар мен магистранттар үшін «ЖОО-да студенттерді оқыту мен білім беру процесінде жобалау және визуализация моделі» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг п.ғ.к., бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессор ассистенті К.С.Ахметкаримованың «Bolashaq» академиясының педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ж.М.Мамерханованы шақыруымен ұйымдастырылды. Семинар-тренингке қатысушыларға көрнекі құралдарды (фотосуреттер, иллюстрациялар, суреттер және т.б.) қолдану негізінде сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін, ыңғайлы, құрылымдалған түрде үлкен көлемдегі ақпаратты көруге, талдауға, жасауға, редакциялауға және пайдалануға мүмкіндік беретін тапсырмалар, шығармашылық жұмыс ұсынылды. Семинар-тренингке қатысушылар өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін бағалай отырып, сыни ойлауды дамытудың ұсынылған стратегияларының құндылығын және оларды жоғары білім беру ұйымының оқу процесінде қолдану қажеттілігін атап өтті.