ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Бүгін ректор Н.О. Дулатбеков Қарағанды университетінің радиофизика және электроника кафедрасының профессоры Л.В. Чирковамен кездесті. Любовь Васильевна 1975 жылы ҚарМУ физика факультетін бітірген алғашқы түлектердің бірі.

Кездесудің басты тақырыбы – Л.В. Чиркова мен 2023 жылғы 15 қарашада мезгілсіз дүниеден өткен Қ.Т.Ермағанбетовтің «Электромагнитные колебания и волны. Волны» оқу құралын талқылау. Любовь Васильевна кітаптың жазылу барысы туралы және материалдарды әзірлеуге баға жетпес үлес қосқан Қанат Төлеуханұлымен бірлескен жұмысы жайында айтты. Оның айтуынша, авторлардың басты мақсаты студенттер үшін сапалы, пайдалы оқулық жасау болды. «Бұл оның дүниеден озар алдында аяқтаған соңғы кітаптарының бірі. Онда «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы курстарының бірі бойынша оқу материалдары баяндалған. Оқу құралының «Электромагнитные колебания и волны. Колебания» атты бірінші бөлімін Қанат Төлеуханұлы көріп үлгерді. Студенттер қазірдің өзінде оны белсенді түрде пайдалануда және бұл оқулық оның барлық алдыңғы кітаптары сияқты Қазақстанның университеттері мен колледждерінің студенттері мен оқытушыларына пайдалы болады деп сенемін. Сондай-ақ Қанат Төлеуханұлының барлық шығармалары бүкіл саналы ғұмырын жастарды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған адам туралы ең жақсы естелік болып қалады деп үміттенемін», – деп атап өтті Любовь Васильевна. Кездесу соңында ректор Н.О. Дулатбеков мұндай оқу материалдары пәнді терең түсінуге ықпал етіп, болашақ мамандар үшін қажетті білім қорын қалыптастыратынын атап өтті.