ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

SARYARKA FASHION «ДӘУІР, СТИЛЬ, ДӘСТҮР»

29.03.2024 ж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының SARYARKA FASHION «ДӘУІР, СТИЛЬ, ДӘСТҮР» аясында студенттердің костюмдерінің үлгілері көрсетілді. Қазақстандық сән индустриясы үшін кадрларды кәсіби даярлау бүгінгі таңда өзекті мәселе және дизайндағы зерттеу нысаны болып қала береді. Қазіргі сән тенденцияларын зерттеу және насихаттау өнер тарихы мен ұлттық асыл қазыналарысыз қарастыру мүмкін емес. Сондықтан студенттер өткеннің мәні мен алғышарттарын қарастырып өз дизайнерлік бастамаларында жүгінеді. Тарих өткеннің мәдени, рухани мұрасы мен ата-баба құндылығының көптеген маңызды аспектілерін қамтитын мәліметтерге бай. Аталған іс-шараны кафедра меңгерушісі Қ.Т. Көшкімбаевтың жетекшілігімен бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының ұжымы ұйымдастырды. Іс-шараға Еуразиялық ДК мүшесі, Орталық Қазақстандағы «Kazakhstan fashion week» және «SARYARKA ART FEST» ауқымды жобаларын ұйымдастырушы, Этностильдегі заманауи костюмдер топтамаларының авторы, «Умай» топтамасын ұсынған орталықтың «Coworking creative» директоры М.А. Мұхамедьярова, «Жаңа күн» топтамасының жетекшісі С.Б. Бейсенова қатысты, Г.К. Жумина - «Томирис» коллекциясының жетекшісі, қазіргі заманғы стильдегі тарихи костюм, Б.Е. Сәкенова – «Көшпенділер» коллекциясының жетекшісі. Көрсетілімде Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының 6В02101- «Дизайн», 6В01406 - «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау», 6В01401- «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің «Әсем-ай», «Томирис», «Зарина» батыр қыздың костюмі, «Киімдегі құрақ» костюмдер топтамалары ұсынылған. Сонымен қатар, Қарағанды технология және сервис колледжі студенттерінің «Жаңа күн», «Томирис», «Көшпенділер» атты киім топтамалары және қарағандылық басқа да сән дизайнерлерінің жұмыстары ұсынылды. Коллекцияларды көрсету барысында осы іс-шараның мерекелік атмосферасын құруға ықпал еткен концерттік бағдарламасымен конкурстардың жеңімпаздары мен лауреаттары өнер көрсетті. SARYARKA FASHION «ДӘУІР СТИЛЬ ДӘСТҮР» көрсетілімінің белсенді қатысушыларына сертификаттар, ғылыми жетекшілер А.Ш. Манабаева, А.К. Буртибаева, Ш.С. Түсіпова, Г.А. Ахметжанова, Л.О. Есмағамбетоваға алғыс хаттар табыс етілді. Сән көрсетілімі болашақ сән дизайнерлеріне халықтық дәстүрлерді игеруге және ортақ мәдени мұраға үлес қосуға, сондай-ақ өз идеяларын костюмдердің авторлық коллекцияларына енгізуге ықпал етеді.