ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Әлемдегі ең үздік университеттердің рейтингі

2023 жылғы 28 маусымда QS World University Ranking әлемдегі ең үздік университеттердің мерейтойлық 20-рейтингін жариялады. Жаһандық рейтингке Қазақстанның тоғыз қаласынан 21 жоғарғы оқу орны қатысты.

QS WUR 2024 рейтингі тоғыз индикатордан тұратын жаңа әдістеме бойынша жүргізілді – бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш көрсеткішке көп.

QS WUR өкілдігінің ресми ақпаратына сәйкес, «Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтар индексі», «Тұрақты даму мақсаттары», «Түлектердің жетістіктері» жаңа индикаторлары, сондай-ақ «Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы» индикаторының салмағының төмендеуі осы рейтингке қатысатын Қазақстанның барлық дерлік жоғары оқу орындарының орта позициясының төмендеуіне әкелді.

Алайда, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақстандық жоғары оқу орындарының алғашқы ондығындағы «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Шетелдік оқытушылардың үлесі» және «Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы» критерийлері бойынша оң динамиканы көрсете отырып, осы рейтингте өз позициясын жақсартқан жалғыз университет.

Бұл барлық профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлердің және университет басшылығының бірлескен жұмысының нәтижесі. Құрметті әріптестер, сіздерді ортақ жетістігімізбен құттықтаймыз!