29.11.2023ж Педагогика факультетінде сапаны қамтамасыз ету комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес жоғары мектепте оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша «ЖББҰ дербес пәндерді оқытудағы жаңа тәсілдемелер» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар модераторлары: К.А.Айдарбекова, А.М.Бейсенбаева, Ж.Б.Асетова - бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары.
Семинардың мақсаты: жоғары білім беру ұйымдарының педагогикалық үдерісінде дербес пәндерді оқытуда КОУЧИНГТІК ТӘСІЛДІ қолданудың маңыздылығы мен әлеуетін ашу.
Семинардың өзі жоғары білім беру ұйымдарының кәсіби білім беру сапасын көтеруде оқытудың инновациялық тәсілі ретінде КОУЧИНГ форматында ұйымдастырылды. Семинар-коучинг кіріспе, мәселені өзектендіру, қорытынды «дебрифинг» деп аталатын үш кезеңде жүзеге асырылды. Семинардың нәтижесінде білім берудегі коучинг – білім алшылардың қызығушылықпен білім алуына, олардың әлеуетін табуға, дағдылары мен қабілеттерін дамытуға, бағдарлама мен тапсырмаларды игеруге көмектесудің тиімді тәсілі екендігі анықталды. Сондай-ақ тұлға үшін маңызды адалдық, сенімділік, ашықтық, айқындылық, шынайылық, теңдік, эмпатия, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытудағы әлеуеті ашылды.
Семинар-коучингтің мақсат мен міндеттерінің шешімін табуда қолданылған «Кроссенс», «Танымдық баланс», «SWOT-талдау», «Цифрлық газет» сияқты оқытудың жаңа әдістері белсенді өзара қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылды, кері байланыс жасауға, талдауға, зерттеуге, бағалауға, үйретуге, үйренуге, тәжірибеде қолдануға дағдыланады Семинар-коучингтің қатысушылары аталмыш шараны жоғары бағалап, өз ризашылығын білдірді және үлкен табыстар тіледі. Жоғары білім беру ұйымдарының оқыту үдерісінің коучинг элементтерін қолдану білім сапасының нығаюына ықпал етеді деген семинар-коучингтің қорытындысы шығарылды.