2022 жылдың 29 желтоқсанында «Философия және мәдениет теориясы» кафедрасының аға оқытушылары Анламасова Ы.Ж. және Старовик П.П., сонымен қатар «Философия» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері мен кураторлары Қарағанды қ. орта мектеп түлектері үшін профориентациялық жұмысы аясында «Мамандығым – менің болашағым» тақырыбында» мәдени-ағарту іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараға №3, 27, 81 мектептерінің және әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының сынып жетекшілері мен оқушылары, сонымен қатар кафедраның аға оқытушылары (Байбосунов Д.Б., Джумагелдинов М.Н., Донецская Н.А. и. Уксукбаева М.Т.) және жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты.
Кіріспе сөзімен «Философия және мәдениет теориясы» кафедрасының меңгерушісі, фс.ғ.к., доцент Г.Р.Сейфуллина «Философия» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының қазіргі замандағы өзектілігі, сонымен қатар болашақ мамандығын дұрыс таңдау қажеттілігі туралы айтып берді.
Мектеп оқушыларына философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Е.Колумбаев философ мамандығын таңдауына шақырды, өйткені ондай мамандықты таңдау жолы адамға осы әлемде өзінің қажеттілігін тануды үйретеді деп баяндама жасап шықты.
Одан әрі «Философия» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Жұмағалиев Нұрасыл мен Тоқтамысова Айгерім, 4 курс студенті Белецкий Тамирлан және «Дінтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Қалкен Жансая өзінің мамандығы туралы және студенттік өмірі туралы баяндамалар жасады. Студенттер білім алып қана қоймай, факультеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, шығармашылық қабілеттерін мектеп оқушыларына көрсете білді . Оқушыдардың алдында «Дінтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Шырақбай Қайрат пен «Философия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Молғаждар Аяулым музыкалық нөмірлермен өнер көрсетті.
Сонымен қатар өздерінің бейнеүндеуінде философия және мәдениет теориясы кафедрасының әр жылдардағы түлектері (Аралбай С., Бакирова А.Т., Гапбасова А.Г., Дулат А., Мейрамова Н., Раисов Б., Садықова Т.М.) оқу тәжірибесімен және кәсіби қызметіндегі жетістіктерімен бөлісті.
Шара соңында кафедраның аға оқытушысы Старовик П.П. қызықты сұрақтары мен шығармашылық тапсырмаларымен студенттер мен мектеп оқушылар арасында «Өзіндік зат» атты зияткерлік викториналық ойынын өткізі, нәтижесінде ойынның жеңімпаздары анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бұл кездесулер мектеп түлектері үшін де, оқушылар үшін де қызықты әрі пайдалы болып, орта мектеп, лицей, гимназия оқушылары арасында «Философия» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының беделін айтарлықтай арттырады деп сенеміз.