Қарағанды Бөкетов Университетінің философия және психология факультетінің ғылыми-зерттеу тобы «Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер» атты мегажобасының аясында жоспарланған Мәскеудегі ғылыми сапардан оралды. Зерттеушілер екі апта бойы "Экономиканың жоғары мектебі" Ұлттық зерттеу университетінде жұмыс істеп, Әлеуметтік-мәдени зерттеулер орталығына, Когнитивтік ғылымдар институтына, "Вышканың" басқа бөлімдеріне барды. Олар озық құрал-жабдықтармен, жаңа психодиагностикалық әдістермен, ғылым мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларына цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесімен танысты.
Ресейлік әріптестермен бірлесіп, мегажобаға қатысатын магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулеріне, халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалаларға негіз болатын деректерді жинау және өңдеу бойынша жұмыс жасады. Сонымен қатар, ЭЖБ-ң оқу жұмысы жөніндегі проректоры мен әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының бастамасымен халықаралық желілік білім беруді, бірлескен білім беру бағдарламаларын құрастыруды, студенттер мен оқытушылар алмасуды ұйымдастыру мақсатында бірқатар кездесулер өткізілді.
Сондай-ақ, университетіміздің өкілдері «Білім беру планетасы» атты ЖШС-де болып, зерттеу тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтермен, кітап жинақтарымен, оқу курстарымен жұмыс жасады. Мәскеуге сапар жемісті және қызықты болды, ол ғылыми жоба үшін пайдалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледі.