ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қазіргі заманғы кәсіби педагогикалық білім беру дәстүрінің сабақтастығы

Құрметті әріптестер! Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Педагогика факультеті 2024 жылы 17 қазанда факультеттің 40-жылдығына орай «Қазіргі заманғы кәсіби педагогикалық білім беру дәстүрінің сабақтастығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: кәсіби педагогикалық білім беру теориясы мен тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді қарастыру.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • 1 секция - Бастауыш білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары (Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы);
  • 2 секция  - Арнайы және инклюзивті білім беру: педагог кадрларды кәсіби даярлау тарихы мен даму перспективалары (арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы);
  • 3 секция  - Қазіргі заманғы көркемдік білім беру: жаңа тәсілдер мен тәжірибе (көркемдік бейнелеу  және дизайн кафедрасы);
  • 4 секция  - Педагог-психологтің кәсіби қызметі: мәселелері мен перспективалары  (мектепке дейінгі және психологиялық - педагогикалық даярлық кафедрасы);
  • 5 секция  - Мектепке дейінгі білім беру: тенденциялары мен перспективалары (мектепке дейінгі және психологиялық - педагогикалық даярлық кафедрасы).

                 Конференцияға қатысуға өтінімді (А қосымшасын) 2024 ж. 30 маусымға дейін мына электрондық мекенжай бойынша жіберу қажет:   

1-секция бойынша - conference_pmno2024@mail.ru (Копбалина Камшат Багдатовна); 87716059452

2-секция бойынша - syuy-fu-shun_n@mail.ru (Сюй-фу-шун Наталья Валентиновна); 8777948883

3-секция бойынша - kkanat-78@mail.ru, (Гылимов Даурбек Таурбекович)   87084926826

4-секция бойынша - tolganai-2008@mail.ru, (Исхакбаева Толганай Газизовна), 87023370751.

5-секция бойынша - tursynbetg@mail.ru, (Турсынбет Гульжан Темировна), 87058292127

 

Конференцияға қатысу үшін келесілерді жіберу қажет (қоса ұсынылады):

1. Тіркеу нысаны – А қосымшасы.

2. Ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес мақалалардың мәтіндері – В қосымшасы.

 

А қосымшасы

 

ТІРКЕУ НЫСАНЫ

(Конференцияға қатысуға өтінім)

1.Тегі, Аты, Әкесінің аты (Бірінші автор)

 

2.Ұйымы, лауазымы

 

3.Ғылыми дәрежесі

 

4.Ғылыми атағы

 

5.Телефон, факс

 

6.Пошталық мекенжайы

 

7.E-mail

 

8.Баяндама атауы

 

9. Секцияны көрсету

 

10.Қатысу нысаны:

 

а. Секциядағы баяндама* жинақта жариялай отырып

 

ә .Сөз сөйлеусіз баяндаманы жариялау

 

б. Баяндаманы жариялай отырып, сырттай қатысу

 

в. Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу

 

11.Тең авторлардың ТАӘ

 

 

B қосымшасы

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР МЕН ТАЛАПТАР

 

Баяндамалар (таңдауға қарай қазақ, орыс, ағылшын тілдері) 2024 жылдың 10  қыркүйегіне дейін MSWord форматында электрондық көшірме түрінде, e-mail-да тіркелген файл бойынша ұсынылады.

Материалдар жинағында мақала жариялау тегін.   

Өтінім бере отырып, конференцияға қатысушы конференцияны ұйымдастыру комитетінің оның дербес деректерін өңдеуіне келісім білдіреді.

Конференцияға қатысушылар ұсынған материалдар пайдалануға тексеруден, сондай-ақ ғылыми мазмұнның дұрыстығы, конференция тақырыбына және техникалық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан редакциялық іріктеуден өтеді. Мәтіннің түпнұсқалылығы кем дегенде 70% болуы керек.

Редакциялық іріктеуден өтпеген материалдар жарияланбайды және рецензияланбайды.        

Мерзімдерін бұза отырып жіберілген материалдар қаралмайды.

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖИНАҒЫ   2024 жылдың  10 қазанына дейін қатысушыларға жіберіліп, университет сайтында орналастырылатын болады.

Мақала көлемі суреттерді қоса алғанда, А4 форматында 3 беттен кем емес және 6 беттен артық емес.

Басында мақаланың бағыты бойынша жоғарғы сол жақ бұрышта әмбебап ондық жіктеуішінің (ӘОЖ) индексі коды көрсетіледі. 

1 интервалдан кейін мақаланың тақырыбы ортада бас әріптермен қалыптастырылады.

Мақаланың атауы жолдың ортасында бас әріптермен, қалың қаріппен басылады.

2 интервалдан кейін ұйымның, қаланың және елдің атауын көрсетіле отырып, авторлардың аты-жөні мен тегі (қалың қаріппен белгілеу) басылады.

Төменде 2 интервалдан кейін мәтін басылады.

Мақала мәтінінің қаріпі – 11 кегльTimesNewRoman.

Жоларалық интервал - бір.

Бет параметрлері – барлық жағынан 20 мм.

Мақаланы дайындау кезінде пайдаланылған ақпараттық көздердің тізімі мақаланың соңында 10 дереккөзден (10 pt) аспастан, жол (Enter) арқылы орналастырылады.

Дереккөздерді тізбелеу мақалада оларға сілтемелер ретімен беріледі. Мақала мәтініндегі сілтеме нөмірі төртбұрышты жақшада ресімделеді, мысалы – [1]. Әдебиеттер тізімі «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу» 7.5-98 МЕМСТ-қа сәйкес ресімделеді.

Кестелерді ресімдеу. Әр кесте нөмірленіп, атауы болуы керек. Кесте нөмірі мен атауы кестенің үстіне сол жақ жоғарғы жиекте қойылады. Кесте атауы сызықша арқылы орналастырылады (мысалы: 1-кесте - ……).

Графикалық материалдарды ресімдеу. Графикалық материалдар «MicrosoftGraph» немесе «Excel» бағдарламалары арқылы дайындалуы керек. Графикалық нысандар топтастырылуы тиіс. Графикалық нысандар бет жиектерінен асып кетпеуі және бір беттен аспауы керек.

Әр нысан нөмірленіп, сызбаның астына қол қойылуы керек және ортада орналасуы тиіс.

Формулаларды ресімдеу. Математикалық формулалар «MicrosoftEquation» формулалар редакторы арқылы ресімделеді. Олардың нөмірленуі оң жағынан домалақ жақшамен қойылады. Формулалар көп болған жағдайда олардың әр бөлім бойынша тәуелсіз нөмірленуі ұсынылады.

Конференция мақалаларын (В қосымшасы) мына электрондық мекенжайлар бойынша жіберу қажет: 

1-секция бойынша - conference_pmno2024@mail.ru (Копбалина Камшат Багдатовна), 87716059452;

2-секция бойынша - syuy-fu-shun_n@mail.ru (Сюй-фу-шун Наталья Валентиновна), 8777948883;

3-секция бойынша - kkanat-78@mail.ru, (Гылимов Даурбек Таурбекович),   87084926826;

4-секция бойынша - tolganai-2008@mail.ru, (Исхакбаева Толганай Газизовна), 87023370751;

5-секция бойынша - tursynbetg@mail.ru, (Турсынбет Гульжан Темировна), 87058292127.

Файл атауы мақаланың бірінші авторының тегінен басталуы керек.

Конференцияға қатысушы 3-тен аспайтын мақала авторы немесе тең авторы бола алады.           

 

Құрметпен, Конференцияны ұйымдастыру комитеті