ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ТӨМЕР» ТҮРІК ТІЛІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ШЕТ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ МҮМКІНДІГІ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шет тілдері факультеті және Кастамону университеті (Түркия) арасындағы екіжақты ынтымақтастық келісімі аясында, шет тілдері факультетінің негізінде Кастамону университетінің (Түркия) Томер орталығының филиалы жұмыс істейді, бұл түрік тілінде халықаралық тіл сертификатын алуға және студенттерге Түркия университеттерінде оқуын жалғастыру үшін қабылдау процесін жеңілдетуге мүмкіндің береді Қазіргі уақытта шетел тілдері факультетінде TÖMER курстарын Кастамону университетінің ректоры тағайындаған және шетел тілдері факультетіне шақырылған оқытушы ретінде келген Эджем Гүл ИЛЕК ханым жүргізеді. Түркиядан келген профессор екі айлық (бір ай онлайн және бір ай оффлайн) курсты, барлығы 160 сағат (С1 деңгейі), 25 университет студентін жоғарыда аталған емтиханға тапсыруға дайындауда. Қол қойылған келісім аясында Қарағанды Бөкетов атындағы университетте түрік тілі мұғалімдерінің қолдауымен жыл сайынғы сертификаттау емтиханын өткізу тәжірибесі жалғасады. Университет студенттеріне курстың соңында Кастамону университетінен (Түркия) TÖMER сертификатын алуға құқық беретін сертификаттау емтиханын сәтті тапсыруларын тілейміз.