ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Медиацияны дамыту орталығының филиалы ашылды

Философия және психология факультетінде Еуразия Қорының қолдауымен саясаттану және әлеуметтану кафедрасымен бірлесіп жастарға арналған бейресми Медиацияны дамыту орталығының филиалы ашылды. Жоба үйлестірушісі «Әлеуметтану» мамандығының студенті және «Оңғар» ҮЕҰ басшысы Перова Вероника Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларында Медиация туралы алғаш рет естіді және оның «алдын алу және келіссөздерді жүргізуді үйрету әдісімен жастар арасындағы жанжалдылық пен агрессивтілікті төмендету қазір өте өзекті екенін түсіндім»дегені туралы айтты.

«Жоба әлеуметтік стартап болып табылады» – дейді кәсіби медиатор, жобаның бірлескен жетекшісі профессордың ассистенті, С.ғ. к. Инджиголян Анжела Алвановна – қазір біз жастарға бейресми медиаторларды дайындау үшін тренингтер өткіземіз, содан кейін жоба аяқталғаннан кейін бейресми оқыту орталығын ашамыз. Жобаға қолдау көрсеткен университетімізге, факультет деканы мен кафедра меңгерушісіне жобаға көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз!!!