Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ) экономика факультетінің бухгалтерлік есеп кафедрасы 2022 жылдың 24-25 наурызында бухгалтерлік есеп бойынша "Біздің айналамыздағы бухгалтерлік есеп" атты III Еуразиялық студенттік олимпиаданы өткізді.
Бухгалтерлік есеп бойынша "Біздің айналамыздағы бухгалтерлік есеп" Еуразиялық студенттік олимпиадасы алынған теориялық білім мен дағдыларды кеңейтуге, бухгалтерлік есеп, салық салу және аудит саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамытуға, сол арқылы түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Олимпиада студенттердің, болашақ экономистердің Ресей Федерациясы шеңберінде және одан тыс жерлерде компаниялардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіби және ғылыми-зерттеу белсенділігін қолдауға бағытталған. Осындай деңгейдегі іс-шара алынған теориялық білім мен дағдыларды кеңейтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар бухгалтерлік есеп, салық салу және аудит саласында кәсіби құзыреттерді дамытуға жәрдемдеседі, сол арқылы түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады және ЕАЭО жетекші университеттері арасында РХДУ имиджін ілгерілетуге ықпал етеді.
Олимпиаданың халықаралық бағыты әртүрлі жоғары оқу орындарының жастар ұжымдарына проблемаларды шешуге шығармашылық және креативті тәсілді пайдалана отырып, ғылыми мектептер шеңберінде білім алмасуға мүмкіндік береді.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика факультетінің "Бухгалтерлік есеп және аудит" кафедрасының командасы құрамында Бимағамбет Ақерке, Гинаятова Карина, Ерболатова Сабина, Жақсылықова Дана, Смолик Екатерина үй тапсырмасын орындап, Олимпиаданың мәресіне шықты. Команда "Бухгалтерлік есеп дәстүрін сақтаушылар" номинациясында жеңіске жеткені үшін Диплом алды, сондай-ақ Бимағамбет Ақерке III дәрежелі Диплом алды, ғылыми жетекші Л. А. Темірбекова.
5 елден 30 команда қатысты. Олимпиада аралас онлайн-оффлайн форматында өтті.