Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» №443 бұйрығының 23-тармағы 5) тармақшасына сәйкес бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша қайта бөлгеннен кейін қалған бос гранттарға конкурс жарияланады. Білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде Бос гранттар саны Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған (https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6854 және https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6853 ).
Конкурсқа арналған құжаттарды білім алушылармен жұмыс жөніндегі қызметке ағымдағы жылдың 28 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) Жеке куәлік
2) Транскрипт
3) Білімі туралы құжат (квота бойынша қатысатын адамдар үшін аттестаттың көшірмесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы ҚР азаматтары үшін Квота).
Анықтама телефоны 8-7212-35-64-76, 8-7212-35-64-05