«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ (бұдан әрі-Қоғам) кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Басқарушылық қызметке және жұмыс тәжірибесі бар қоғамның перспективалы қызметкерлерін және сыртқы білікті мамандарды шақырамыз.
Кандидаттарды таңдау кезіндегі негізгі талаптар: тиісті білімі, біліктіліктің жоғары деңгейі, жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ кандидаттың әлеуеті болып табылады.
Іріктеу нәтижелері бойынша кандидаттар қоғамның кадр резервіне алынады және негізгі лауазымдар тізімінен бос орындар пайда болған жағдайда бірінші кезекте кадр резервінен кандидаттар қаралады.
Лауазымдар тізбесі, кандидаттарға қойылатын талаптар, кадр резервін қалыптастыру шарттары мен тәртібі «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ кадр резерві туралы Ережеде регламенттелген, олармен келесі сілтеме бойынша өтіп https://buketov.edu.kz/kz/page/corporate "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде танысуға болады.
Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен факультеттерінің қызмет бағыттары туралы ақпаратпен сіз Қоғамның ресми интернет - ресурсында мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://buketov.edu.kz/kz/page/service, https://buketov.edu.kz/kz/page/faculty.
Іріктеуге қатысу үшін Сізге хабарландыру шыққан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке өтініш немесе басшының ұсынысы;
- 3х4 түсті фотосурет (2 дана);
- өз қолымен толтырылған және қол қойылған сауалнама;
- құрылымдық бөлімше басшысының және/немесе жетекшілік ететін басшының жазбаша нысандағы ұсынымы;
- ізденушінің қалауы бойынша ұсынылған біліктілікті растайтын өзге де құжаттар.
Жоғарыда аталған құжаттар Персоналды басқару басқармасына қағаз жеткізгіште баспа түрінде мына мекенжай бойынша ұсынылады: Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28, каб. 228 немесе электрондық (сканерленген) түрде "Кадр резерві" белгісімен келесі электрондық поштаға жіберіледі buketov_up@mail.ru.
Іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 35-63-96 (1032, 1037), электрондық пошта: buketov_up@mail.ru, balsarinakn@mail.ksu.kz .