Бөкетов университетінің студенттері «Білгенің абзал» ақпараттық-профилактикалық жобасы аясында «Жастар арасындағы нашақорлық -- дамудың жағымсыз факторы» тақырыбында Қарағанды облысы полиция департаментінің ЕҚҚІБ бөлім басшысы подполковник Данияр Жакудаев және Қарағанды облысының полиция департаментінің ЕҚҚІБ подполковнигі Кирилл Корниенкомен кездесу өткізді. Кездесу барысында полиция департаментінің мамандары нашақорлықтың адам өміріне зияндылығына тоқталды, есірткі заттарын қолданғаны немесе сақтағаны үшін заң алдында қатаң жазаланатыны туралы, кинологтар иісшіл иттердің көмегімен есірткі заттарын қалай табатынын кеңінен айтып өтті.