ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Халықаралық "Ақ таяқ" күні

Ағымдағы аптада @buketov.university @ksu_pedfak @defectolodiya_kargu «Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық "Ақ таяқ" күніне арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты -қоғамда көру мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктері туралы ақпарат тарату және болашақ дефектолог мамандарға тифлотехника, жаңа тифлотехнологиялар мен әдістер бойынша мағлұмат беру.

Семинар жұмысына Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептері мен Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін адамдарға арналған арнайы кітапхана мамандары шақырылды.

Семинар барысында арнайы білім берудің тифлопедагогика бағыты бойынша өзекті мәселелер талқыланды, мамандар әртүрлі құралдардың қолданылу ерекшеліктерін түсіндірді, студенттер өз кезегінде көрмейтін және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша ғылыми зерттеу аясындағы жұмыстарымен таныстырды.

Аталған іс-шара теория мен практиканың байланысы ретінде біздің студенттеріміздің өз мамандықтарына деген құрметі мен қызығушылығын арттырары сөзсіз. Алдағы уақытта «Арнайы және инклюзивті білім беру» кафедра ұжымы осы бағыттағы жұмыстарды басқа да арнайы білім беру мекемелерімен ұйымдастыру жоспарлануда.