2023 жылғы 16-17 мамырында әлемдік экономика бойынша халықаралық онлайн олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ студенттердің оқу қызметі мен болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады: 1 – тестілеу, 2 – кейстерді шығару, 3 - берілген тақырып бойынша ғылыми жобаны әзірлеу.
Өтінімдер 9 командадан келіп түсті, оның ішінде 5 команда екінші турға өтті. Соңғы турдың нәтижелері келесідей:
1 орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Жетекші - Хамзаева Асель Валитхановна, PhD);
2 орын - Витебск мемлекеттік технологиялық университеті (Жетекші - Яшева Галина Артемовна, экономика ғылымдарының докторы, профессор);
2 орын - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Жетекші - Темирбаева Динара Махамбетовна, PhD, аға оқытушы, Рахимова Акерке Нурлановна, экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы);
3 орын - Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (Жетекші - Абеуова Сая Турсыновна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент);
3 орын - Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Жетекші - Құттыбаева Нургуль Болатовна, PhD, қауымдастырылған профессор, Нұржан Мадина Әділетқызы, экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы).
Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс пен ғылыми жаңалықтар тілейді!