2023 жылғы 15 сәуірінде экономика бойынша халықаралық қашықтықтан олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ студенттердің оқу қызметі мен болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: 1 – экономист дискурсы, 2 – "Шағын және орта бизнестің халықты жұмыспен қамтуға әсері" тақырыбы бойынша ғылыми жобаны әзірлеу.
Өтінімдер 12 командадан келіп түсті, оның ішінде 6 команда екінші турға өтті. Соңғы турдың нәтижелері келесідей:
1 орын - Витебск мемлекеттік технологиялық университеті (Советникова Ольга Петровна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, "Қаржы және коммерциялық қызмет" кафедрасының меңгерушісі);
2 орын - Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті (Хотамов Ибодулло Садуллаұлы, доцент, салалар экономикасы кафедрасының меңгерушісі);
2 орын - Витебск мемлекеттік технологиялық университеті (Советникова Ольга Петровна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, "Қаржы және коммерциялық қызмет" кафедрасының меңгерушісі);
3 орын - Қазан федералды университеті Басқару институты (Игнатьева Оксана Анатольевна, доцент, экономика ғылымдарының кандидаты);
3 орын - халықаралық Тараз Инновациялық институты (Қадырова Ақмарал Сатбекқызы, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, академиялық жұмыс жөніндегі проректор);
3 орын - академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Райханова Гүлнұр Аманкелдіқызы, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ескендір Несіп Нұралықызы, аға оқытушы, э.ғ.м., Макалакова Бейнегүл Мамыржанқызы, оқытушы, э.ғ.м.).
Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс пен ғылыми жаңалықтар тілейді!