2021 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Айдың үздік қызметкері» байқауы бастау алған болатын. Байқау қызметкерлердің сапалы және шығармашылық жұмысқа қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Байқау қорытындысы бойынша бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының лаборанты Баян Нұржанқызы Разакова 2022 жылдың желтоқсан айының үздік қызметкері атанды.
Баян Нұржанқызын құттықтаймыз!
Еңбекте табыс тілейміз!