2023 жылғы 03 сәуірден 28 сәуірге дейін Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (https://buketov.edu.kz/kz/) экономика факультетінде (https://buketov.edu.kz/kz/page/faculty/faculty-econ, https://www.facebook.com/economic.faculty.501) Павлов Николай Вячеславович, ғылым докторы (технология), «Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университеті» ФГАОУ Өндірістік менеджмент жоғары мектебінің доценті, (Санкт-Петербург қ., Ресей) 72 сағат көлемінде онлайн форматта қонақ дәрістер курсын өткізеді.
«Цифрлық маркетинг» курсы студенттердің экономиканы цифрландырудың қазіргі жағдайында жұмыс істеу білімі мен дағдыларын қалыптастырады. Егер дәстүрлі маркетинг ұзақ уақыт бойы ұйымдардың қызметінде лайықты орынға ие болса, бүгінде оның Цифрлық салаға кеңеюі байқалады және оны игерусіз ұйымдардың басым көпшілігінің қызметі мүмкін емес.