ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Адамзат қоғамындағы әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-философиялық негізі» тақырыбында қонақ дәрістер курсын оқиды

2022 жылдың 7 қарашасынан 22 қарашасы аралығында философия ғылымдарының докторы Хажы Ахмет Шимшек (Кастамону университеті, Түркия) философия және психология факультетінің білім алушылары мен қызметкерлеріне арналған «Адамзат қоғамындағы әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік-философиялық негізі» тақырыбында қонақ дәрістер курсын оқиды (қазақ тілінде). Бұл курста жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, мәселесі және шешу жолдары қарастырылады. Курста әлеуметтік саясат мәселелерін шешу жолдары, яғни әлеуметтік саясатты басым мәселелерді шешуге бағыттау, ресурстарды тиімді пайдалану тетіктерін әзірлеу, мемлекеттің міндеттемелерін оларды қаржыландырудың нақты мүмкіндіктерімен келісу қажеттілігі ұсынылады. Толық ақпарат алу үшін философия және психология факультетінің деканатына хабарласыңыз.