ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қонақтық дәрістер курсы

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультетінде психология ғылымдарының кандидаты, «ЭЖМ» Ұлттық зерттеу университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің психология департаментының доценты, әлеуметтік-мәдени зерттеулердің Халықаралық лабораториясының аға ғылыми қызметкері Галяпина Виктория Николаевнаның «Мәдениаралық және этникалық психология» атты қонақтық дәрістер курсы өткізіледі. Дәрістер 2023 жылдың 3 сәуір мен 25 сәуір аралығында онлайн форматта 72 сағат бойы жүргізіледі.

Курс студенттер мен оқытушыларға адамдардың жеке және топтық мінез-құлқын талдаудың негізгі мәдениетаралық тәсілдер бойынша білімдер қалыптастурыға; балалардың қалыптасуына, дамуына, жеке және топтық мінез-құлқына, сондай-ақ топ аралық қатынастарға әсер ететін мәдени-психологиялық факторларды түсінуге; әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасына әсер ететін психологиялық механизмдер туралы білімдерді және мигранттар психологиясы, мигранттармен практикалық жұмыстың ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Курста дәрістерден басқа семинарлар, топтық және жеке консультациялар, ғылыми жобалар мен жарияланымдар бойынша кеңестер қарастырылған.