ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Докторанттардың Гази университетіндегі (Анкара қ., Түркия) ғылыми шетелдік тағылымдамасы туралы: Гази университеті қоры орта мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу» дөңгелек үстелі

2023 жылдың 15 мамырында Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында 8D01301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының 3 курс докторанттары Г.С. Отыншина, С.Х. Медиевамен бірге «Докторанттардың Гази университетіндегі (Анкара қ., Түркия) ғылыми шетелдік тағылымдамасы туралы: Гази университеті қоры орта мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу» дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты докторанттардың Гази Университеті Білім беру факультетінде (Eğitim fakültesi) ғылыми шетелдік тағылымдамасы бойынша есептерді қорғау, сондай-ақ Гази университеті қоры Орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс тәжірибесін зерделеу» болды.

Дөңгелек үстелдің аясында келесі сұрақтар талқыланды: - ғылыми тағылымдама бағдарламасына сәйкес іс-шаралар (ғылыми зерттеу шеңберінде ғылыми жетекшінің, Гази университетінің профессорларының консультациялары, Анкара Ұлттық кітапханасының, Гази университетінің кітапханасының карточкалық және электрондық каталогтарынан ақпарат іздеу және т.б.); - Гази университеті қорының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесіне қатысу және зерттеу (бастауыш мектептің жұмыс тәжірибесіне қатысу және зерттеу, қосымша сабақтарға қатысу (шахмат сыныбы, робототехника сыныбы, музыка кабинеті және театр сыныбы) және 1-4 сынып оқушыларымен мектептен тыс іс-шаралар);

Қорытындылай келе, докторанттар бұл тағылымдама ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудегі шетелдік тәжірибемен танысу, бұрын қолданылған тәсілдердің жаңа идеяларымен салыстыру және толықтыру арқасында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы саласындағы құзыреттілікті едәуір арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.