ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2023 жылы 8 қыркүйекте академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті заң факультетінің «Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» ҒЗИ мен конституциялық және халықаралық құқық кафедрасымен бірлесіп «Қазіргі Қазақстанның конституциялық реформалары адам құқықтарын іске асыруды жетілдірудің негізі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Құттықтау сөзді заң факультетінің деканы, з.ғ.к., профессор А.М. Серікбаев сөйледі. Пленарлық отырыстың модераторы PhD докторы, профессор «Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» ҒЗИ директоры Балгимбекова Гульнара Укибаевна болды.

Құттықтау сөзбен Пятигорск мемлекеттік университетінің заң институтының директоры, Ресей Федерациясының білім беру саласының құрметті қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Тхабисимова Людмила Аслановна сөйледі.

Іс-шараға қатысушылар ғылыми баяндамалар жасап өзара пікір алмасты:

Гафурова Нозимахон Эльдаровна — Ташкент мемлекеттік заң университетінің Халықаралық құқық және адам құқықтары кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD доктор. Тақырыбы: «Әйелдер құқығын қорғау саласындағы Өзбекстанның конституциялық реформалары» (Өзбекстан Республикасы);

Гусаков Юрий Анатольевич — Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының Қарағандыдағы филиалының директоры. Тақырыбы: «Азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу механизімі»;

Юлдашева Говержан — Ташкент мемлекеттік заң университетінің Халықаралық құқық және адам құқықтары кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы. Тақырыбы: «Өзбекстан Республикасының жаңа Конституциясы және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды кеңейту»;

Рахманов Абдумухтор Режжаббайұлы — Ташкент мемлекеттік заң университетінің Халықаралық құқық және адам құқықтары кафедрасының профессорының м.а. заң ғылымдары бойынша философия докторы. Тақырыбы: «Ислам және адам құқықтары»;

Гүлнұр Хасенқызы Садырбекова — Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі. Тақырыбы: «Адам құқықтарын қорғауда полицияның қызметі мен міндеті»;

Турлаев Андрей Викторович — Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Тақырыбы: «Мемлекет басшысының жолдауы Қазақстанда адам құқықтарын іске асырудың саяси негізі ретінде»;

Азходжаева Роза Алтынқызы — Ташкент мемлекеттік заң университетінің оқытушысы, з.ғ.к. Тақырыбы: «Өзбекстан Республикасының жаңа Конституциясындағы денсаулық сақтаудың маңызы»;

Дөңгелек үстел жұмысына студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, сондай-ақ практикалық қызметкерлер белсенді қатысты.